Балтабай Жақыпұлы. «Замана-ай, бабам»

13 Шілде 2017

Райымбеков Балтабай Жақыпұлы – Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Өспен совхозының №3 бөлімшесінде (Еркіндік) 05.03.1937 жылы дүниеге келген. Әкесі колхозда ұста болған, анасы – жай жұмыскер. 1954 жылы Өспен орта мектебін бітіріп Қарағандыға медицина институтына оқуға түседі. 1958 жылы институтта “За медицинские кадры” деген атпен көп тиражды газет ашылып, редакция мүшесі (художник) болып оқуды аяқтағанда жұмыс істеген. Еңбек жолын 1961 жылы Жаңарқа теміржол ауруханасында хирург болып бастаған. 1964 жылы Қарағанды №4 ауруханасына хирург болып қызмет ауыстырады. 1965 жылы конкурс бойынша Қарағанды медицина институтының нормальды анатомиясына ассистент ретінде қабылданған. 1967-1969 жылдар аралығында Мақажанов атындағы травматология-ортопедия ординатурасын тамамдап, 1969 жылы конкурс бойынша факультетская хирургия кафедрасына ассистент болып қабылданған. Осы жылдар арасында 10-нан астам ғылыми еңбектер жазып Москва, Ленинград, Новосибирск,Йошкар-Ола, Куйбышев, Кемерово қалаларында басылып шығатын ғылыми еңбектер жинақтарында мақалалары жарық көрген. 1986 жылдың желтоқсан айында Қарағандыда медицина орталығына ауысып, 2010 жылы зейнет демалысына шыққан.

«Балқаш»

Егіз су: ащы-тұщы – осы жайлы,
Аңыз бар ел есінде қалған мәңгі.
Ертеде, көне ғасыр заманында,
Болыпты кіші ғана Балхаш көлі.
Іленің бастауында Қапшағай көл,
Бұл дағы кіші ғана суы тұщы.
Балхаш пен Қапшағайды жалғастырған,
Ортада жеңгетай боп Іле өзені.
Бір түнде табиғаттың заңы ма екен,
Қапшағай қосылыпты Балхашпенен,
Үлкен Балхаш содан соң пайда болған
Бетпақтың даласында егіз сумен.
Кейіннен пайда болып «жаңа адам»,
Табиғат теңдігіне ылаң салған.
Айырылып ғашығынан сұлу Балхаш,
Бұл күнде нәрі кетіп тұзы қалған
Тоған сап, тежегенмен Қапшағайды,
Келешек айтқызады – «Балхаш- ай»ды,
Шайтан көл сыры жұмбақ шешілмеген,
Кім жасар Бурабай мен Жасыбайды.

1975ж.

САМАТ КӨРШІМЕ

Қызығың құтты болсын Самат көршім!
Аңсаған – көптен күткен туды ұлың.
Қолдан берер зат емес, Алла берді,
Іргесі құтты болып көршілердің!
Қуаныш осыменен тоқтамасын,
Жаратушы ниетімді қабыл алсын,
Аңсаған жалғыз болмас біз сенеміз,
Ұлдардың тағыда көр бірнешеуін.
Мақсатыңа жете бер Самат көршім,
Аңсаған сәні болсын өміріңнің.
Ақкөңіл, жана таза дәл өзіңдей,
Санаулы асылдардың бірі болсын.

13.05.1998ж.

Үштөбе

«Замана-ай, бабам»

Аруағын биік, айбынды бабам.
Ұрпағың іріп, жан кешкен заман
Жаны мен арын қордаға тастап
Азғындар елін қорғаған заман
Қаның мен терің төгілген далам
Гүл өскен жерді шаң тозаң басқан
Көз жасы елдің төгілді бабам
Арам шөп басып шөлдеді далаң
Ел бастар ерді кезінде қорлап
Халқына қарсы жау қылған заман
Тектілер өшіп тексіздер қалған
Қыз арын қорғап баптаған бабам
Гүліңді бүгін таптаған заман
Ел қамын ойлар аруақты бабам
Қиналды елің қинады заман
Қайтадан сол бір бақытты кезең
Оралар ма екен еліме бабам
Арқаға бұрды көш басын бабам,
Ел қамын ойлап Нұрсұлтан балаң.
«Нар жолында жүк қалмас» деген,
Сенеді оған ел -жұрты бабам.

СӘКЕН ЕСКЕРТКІШІНЕ

Бірі аға, бірі жиен нағашым деп,
Сәкенге таласатын ағайын көп.
Еңсесі көк тіреген Алатауды,
Кім айтар меншігіме алайын деп.
Ер Сәкен ардақты аға бар қазаққа,
Жазса да сұлу әнін «Біздің жақта»
Қалайша тебірентпес «Тау ішінде»?
Жүрекке тау самалын төгіп жатса?
Әсем ән сұлу бейне отты жүрек,
Ұрпаққа сыйлап кеткен адал тілек.
Сыйғызған бар асылын бір тұлғаға,
Табиғат қандай ғана құдіретті ет.

ЖАҢАРҚА – СӘКЕН

Теңіздің толқынындай қырқа, белі
Мерейлі берекелі Арқа елі.
Табиғат сұлулықты сыйға тартқан,
Көргенді құмар еткен Арқа жері.
Әрқашан,
Сағынтқан,
Аяулы атамекен Жаңаарқам.
Өн бойы тұнып тұрған мол қазына,
Жер барма тең келетін Жаңаарқама.
Ұл қызы ән мен жырдың бұлағындай,
Жырласа қанат бітер қиялыңа.
Гүл ашқан,
Нұр шашқан,
Өзіңсің мақтанышым Жаңаарқам.
Сәкеннің кіндік қаны тамған далам,
Иманақ сайларында үні қалған.
Жаңаарқа – Сәкен атын бірге атау
Қазақтың санасына сіңген далам.
Екі шек домбырам,
Әніңмен күмбірлеген Сәкен ағам!

МЕН ДӘРІГЕР

Мен дәрігер, маған қояр талабың көп адамдар,
Талабың көп, кінәң де бар, кейде орынсыз тағатын.
Сеніңіздер: ақ халатты адамдар,
Арманы бар, ары бар
Ауыратын жаны бар.
Күнәдан да пәк емес,
Өздеріңдей жарандар.
Жаға алмайтын шағым бар сөнер отты,
Шарық ұрам күш іздеп құрыретті,
Өмір қылы мезгілсіз үзілгенде,
Сезбейсіздер менің де сөнгенімді.
Қиналдым, қиналсам да шаршамадым
Ұстандым Гиппократтың адал антын.
Елу жыл ақ халатқа дақ түсірмей,
Сақтадым арымның да тазалығын.

ТАНЫСУ

Сіз келіпсіз Самараға
Алатаудың төсінен.
Мен де жүрмін ФПК да
Сұлу Арқа жерінен.
Алатаудың сіз келген
Гүлімісіз қарындас.
Жан көктемін оятқан,
Нұрымысыз қарындас
Күн еркесі, тау гүлі
Білмейді ғой даланы.
Танысайық сонда да;
Жаны нәзік гүл сүйген,
Мен Арқаның самалы.

ҚЫРҒЫЗ ҚЫЗЫ ҚҰРАЛАЙ

Сіз келіпсіз Самараға,
Алатаудың төсінен.
Менде келдім бұл шаһарға
Сұлу Арқа жерінен.
Көзіңіз қара мойылдай,
Аппақ тісің маржандай.
Бір партада отырмыз
Танысуға болама ай.
Алатаудың сіз келген,
Гүлімісіз қарындас
Жан көктемін оятқан,
Нұрымысыз қарындас
Қыста келіп , қысылып,
Отырмын ғой қалқамай.
Қасым ағам секілді,
Қыдыртар ем қайықпен
Жаз мезгілі болғанда ай.
Күн еркесі тау гүлі,
Білмейді ғой даланы.
Танысайық сонда да
Жаны нәзік, гүл сүйген,
Мен Арқаның самалы.
Қарқаралы Арқаның,
Шоқтығы ғой Құралай.
Шайтан көлде тосамын,
Тамыз айы туғанда,
Келіскендей құрбым ай.

АҚ ГҮЛІМ (әні бар)

Жылдар жылжып, сан ауысты көктемдер,
Келді өмірге әр тағдырлы көп гүлдер.
Қарап келем,көрінбейсің ақ гүлім,
Қалдырмапты бір белгісін сол күндер.
Келем баяу, күрсінеді бақ іші,
Бұлт шарпыған тұнжырайды ай жүзі.
Мұңаяды басын иіп қайыңдар,
Іздегендей қолымдағы ақ гүлді.
Жастық болар ашық күнін көктемнің,
Мәңгілік деп ойлаушы едім ақ гүлім.
Алаңы жоқ, арман қуған сол күндер,
Сағыныш боп ораларын білмеппін.
Келер көктем базары боп өңірдің,
Ораларма бақыт құшқан сол күнім.
Көктем сайын ойға оралар әнім сен,
Көктем сайын кутем сені ақ гүлім.

АҚ ХАЛАТТЫ АРУЛАР

Ақ халатты, асыл аққу арулар.
Көздеріңде күннің нұры жалын бар.
Үміт таңы, таң самалы жанға жай,
Ақ тілеулі,асыл сезім, адал жүрек жансыңдар.
Қиял шыңы, өмір сыры арулар.
Қиналған жан өздеріңе табынар.
Бұл өмірдің тәңірісі сиқырлы,
Сендер барда жеңе алмайды,жеңіледі сұм ажал.
Жарқ еткенде жанарыңнан бір жалын.
Қуат бітіп, күш береді жүрекке,
Сендер шамы,сендер ары өмірдің,
Бар әлемді құдыретіне табындырған асылдар.

МАРАЛ- АЙ / әні бар/

Марал- ай, таныстың сен жол үстінде,
Нұр бейнең ұқсағандай қыр гүліне.
Ақжарқын, ерке назды қылығыңмен,
Көктемнің нұрын септің жүрегіме.
Ахау, Марал-ай,
Жүректі жалын шаладығой.
Марал-ай, жарқылдаған жан екенсің,
Біреудің аялаған жары екенсің,
Көлеңке түспесінші көңіліңе,
Риясыз, артық кетсем қалжың сөзден.
Ахау, Марал-ай,
Жүрегім от боп, жанады-ай.
Қоштасып, бағытыңмен кете бардың,
Көз алмай, нұр бейнеңнен үнсіз қалдым.
Арқаның баға жетпес ақ маралы,
Таныстық белгісіне ән арнадым.
Ахау, Марал-ай,
Ән болып атың қалады-ай.
Сапарда болсаң айта жүр,
Осы әнімді қалқатай.

Күләштің 60 –жылдық мерейтойы

(19.03.1998жыл)

Келдіңбе алпысыңа асыл жарым.
Шаңырақтың Сарыжайлауы, ақ бұлағы,
Кешегі мақпал шашты, бұраң белім,
Қинайды қырауларың самайдағы.
Өміріңді бағыштадың аналық ақ тілекке,
Махаббат гүлін тағып ақ жүрекке.
Мен жүрдім асау тайдай арқан сүйреп,
Сенгенсоң түп қазықтың берігіне.
Қарашы бес гүліңе-бес ботаңа,
Оларға жететұғын баға бар ма
Немере жиендерің ана жүрген,
Отырсың гүл бағыңның ортасында.
Құрбы-құрдас ағайынның бәріне де,
Пәк сезіммен тең ұстап, түсірмедің бір көлеңке.
Жиналып келіп отыр мерейтойға,
Жүз жылдық ғұмыр тілеп бір өзіңе.
Бір шындық айтатұғын осы тойда,
Ата-анам бата берген Күлатайға.
Келін демей, қызым деп кешті өмірден,
Тағдырын табыс етіп бір құдайға.
Мың жаса ұрпағыңның бақыты үшін.
Саясы сол немере-шөбереңнің.
Алладан мен де соны тілек етем,
Жасай бер дәмін татып жемісіңнің.
******
О Асыл жар, ардағым деп
Мені көкке көтерсең,
Санамадым сені өзімнен
Төмен деп.
Асылым деп аяласаң жаныңмен,
Айта алам ба сені құнсыз
Бақыр деп.
Аяулы жар қиялым көп,
Арман көп.
Талай арман қалып жатыр
Арман боп.
Қай қырында бұл өмірдің
Жүрсем де,
Аспанымда сен тұрасың
Айым боп.
Үлкенге деген сыйластық,
Бауырға деген қимастық,
Базары тарқап бағының,
Жауатын бұлттай сұрланып
Қалқиды баяу қиналып.

Сыйластық пен қимастық,
Елжіреп келіп бойды алып,
Еркімді билеп алғанда,
50-жылдық алтын той,
Дуылдап артта қалғанда,
Іштегі маржан ақ сезім,
Кірпіктен құлап беттегі,
Әжімді бойлап аққанда,
Кінәлі жандай мұңайып,
Қараймын асыл жарыма,
Іштей налып амалсыз,
Уақыт деген залымға.

САҒЫНДЫМ ЖАНЫМ, САҒЫНДЫМ
Қараңғы түн тұмшалап,
Қорғасын құйып денеме,
Қиналып жаным жатқанда,
Еркелеп келіп елесің,
Күш беріп әлсіз денеме
Күрсініп таңым атқанда,
Сағындым жаным, сағындым.
Сағындым жаным, сағындым,
Саны жоқ ұзақ түндерде,
Тізесі батып тағдырдың,
Тынысым жетпей өкпемде,
Тұншығып жатып қуандым,
Өзіңмен өткен әр сәтім,
Жұмақ болып өткенге.
Ұйқылы-ояу әлсіз қол,
Орныңа жетіп жатқанда,
Аязы қарып төсектің,
Шошынып көзді ашқанда,
Көзімнің жасы бұршақтап,
Төсімді жуып жатқанда,
Сағындым жаным, сағындым.
Сағындым жаным, сағындым.
Ұмытар сені күш менде,
Қалмапты жаным, қалмапты,
Жылдар жылжып өткенде.

СЕКСЕННІҢ СЕРІКТІККЕ СӘНІ БАР МА
Тастасаң айналаңа көз қиығын,
Сезесің бұл сексеннің қиындығын.
Кешегі Тайбуырыл таяқтан тұлпар мінген,
Бұл күнде көрінбейді құрдастарым.
Біз мінген арғымақтар баяғыда-ақ,
Кетті ғой отын болып, лаулап жанып.
Жарыңнан жалғыз қалсаң қартайғанда
Несімен қуантады жарты қызық.
Екі көз бірі сөнген, бірі шала,
Қос тізе майы кеткен сықырлай ма
Таяқ тастам жақын жер ғарыш болса,
Адамға одан асқан қайғы бар ма,
Немере,шөберелер,ұл-қыздарым,
Бәріңде баға жетпес құлындарым.
Келін түгіл ұлына айта алмайтын,
Сырлары болады екен аталардың…

ҰЗАРЫП БАРАДЫ КӨЛЕҢКЕ
Ұзарып барады көлеңке,
Байқайсың ба, Күлеке?
Аудармаушы едім көңілді,
Тұрғанда күнім төбемде.
Ұзарып барады көлеңке,
Қызарады күн-ерке.
Қиналама ісіне,
Дақ түсірген көңілге.
Ұзарып барады көлеңке,
Тоқтар барып ақыры,
Тағдыр сызған шеңбердің,
Нүкте қойып шетіне.
САҒЫНДЫҢ БА ӘЖЕҢДІ
Жиі айтасың әжеңді,
Сағындың ба, жан балам.
Сағындым мен де анамды,
Артық адам бар ма одан.
Сағындың ба әлде сен,
Әжең берген құрт, майын
Мен де анамның саумалын,
Мейір қанып жұтар ем.
Ұрпақ өсер, жетілер,
Еркелеп ата,әжеге
Жүрегіңнен төр орын,
Дайында балам бізге де.
ШӨБЕРЕМ ІҢКӘРҒА
Іңкәр деп есіміңді әжең берген,
Өлең айтып ауызын ашпайтын жан.
Тыңдашы деп Іңкәрім әсем әнін,
Телефонмен дауыстап айтып берген.
Таң қалғам-әніне де, дауысына,
Ойлағам-қуанышы шығар деп бақытына.
Кім білген, Гүлнәрімнің 49 жас мүшелінде,
Кетерін сұм ажалдың қармағында.
Іңкәрім, есейгенде әжеңді еске аларсың,
Орындап, сенен күткен ақ арманын.
Қол жайып,басына кеп оқысаң құран,
Аруағы риза болар соған жаным.
ЕРСІН РАХИШЕВ – КҮМІС ТОЙ
Әмірімен жүрегіңнің қосылған,
Екеуіңде уылжыған жас едің,
Ақ босаға берік болсын деп тілеп,
Бата берген қос арманың кешегі.
Шаңырағы берік тұрған жоғары
Махаббаттың бұзылмайтын қамалы
25 жыл бірге кешкен ғұмырдан
Пәк сезімнің ескендей бір самалы.
Қарт қуанып, жастар үлгі алатын
Дүрілдетіп жыл нөсерін төгейік,
Күміс тойдың себепкері Күлән менен Ерсінге,
Сөнбес шырақ, зор денсаулық тілейік
********************************************************

ҚОДО БАС ДӘРІГЕРІ ЕРСІН РАХИШЕВКЕ
Келдің бе алпысыңа Ерсін-ерке?
«Күлсең күл» деген сөз бар кәрілікке,
«Қара шал», «қара шал» деп қоймаушы едің,
Сен дағы шықтың бүгін сол биікке.
Жасыбай жатыр ма екен толқын атып,
Айнакөл сәулесімен нұрын шашып,
Қоштасқан жігіттікпен «қара шалға»,
Бақ тілеп, ғұмыр тілеп, есіне алып.
Баянды бақ тілеймін отбасыңа,
Өмірің ұқсап өтсін нұрлы таңға,
«Қара шал»,Күләйіңмен ғұмыр кешкін,
Немере,шөбереңнің ортасында.
25 май 2015 жыл
******************************

Ереке құтты болсын жаңа жылың,
Бағыңа бақ қосылып өсе берсін.
Алладан жылап тұрып сұрайтыным,
Ескі етіктің табанындай жылпылдаған,
Ұрпағыңа жұқпаса екен өтірігің.
Центрде біз тұрмаған қалмады есік,
Еш жерге симай қойды қүықпенен қара тесік,
Проктолог, уролог екі шалды
Ешкінің қынабындай тар бөлмеге
Кіргіздің зорлықпенен сығыстырып,
Медицина тазалық заңын бұзып.

ЕРЕКЕ ЖҰМСАМАШЫ « МЕҢДІ ҚЫЗҒА»
Ереке, ренжіме інім десем,
Кешегі бір заманда оқушым ең.
Жас өсіп,қартаюы үлкендердің,
Өмірдің өзгермейтін заңы екен.
Құдайым жеткізіпті 60-ына,
60-ты тойламауға амал бар ма
Қатардан қалмайын деп талпынғанмен,
Ағаңда той жасайтын шама бар ма.
Аға деп, ерке ұстайсың мені Ерсін,
Есесін ниетіңнің құдай берсін!
Мен келсем жалақымды алайын деп,
Көз қысып «меңді қызға» жол сілтейсің.
«Меңді қыз» мені қайтет қалтам тесік,
Заманым өтіп кетті амал нешік,
Бес бала, жалғыз кемпір қайда қалат,
Мен кетсем «меңді қызбен» жетектесіп.
(«меңді қыз»-гл. бух. КОМЛДО)

Александр Блок
Разве же можно доверять
Этой прямой кишке
Разве же можно измерять
Длиною кишки,
Все наше мученье!
Раймбеков Б.
Сенуге сірә болама,
Сенімнен қалған тік ішекке,
Қиналған мұңлы сәттерді,
Ішекпен өлшеу мүмкін бе?
БАС ЖҮЛДЕ.1994ЖЫЛ. КОМЛДО
Наурыз келді-94!
Атаң түсті бәйгеге,
Атаңның тұлпар мінегі
Шыдамайтын дүбірге.
Ағып шықты жұлдыздай,
Атаң сенің-құлагер
Ағаш қасық –сыйлығым,
Жұртқа ерсі көрінер.
Өсерсің, ботам жетерсің,
Өмірден алып өнеге.
Есейгенде жан сәулем нағашыңның жүлдесін,
Сақтасаң болды жетеңе.

1994жыл. КОМЛДО / Ең кішкене, ең сүйікті немерем Жамилаға
АРДАҚТЫ АНА, АЛТЫН АЛҚА ИЕГЕРІ ЖЕҢГЕМІЗ ШАЙЖАМАЛДЫҢ 80- ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА
Бейнеңізді 500-вольттық,
Жарық шамға балаған
Бұл теңеуді қалай тапқан
Ақын жүрек Түйте ағам.
Сіз бәйтерек аялаған Түйте ағам
Жапырақ жайып, тамыры терең тараған.
Ұрпақтарың сізді көріп, марқайып,
Бұлағыңнан өміріне нәр алған.
Әлі есімде жиылмайтын дастархан,
Қашанда ашық, есік кілттеп жаппаған.
Кім келседе- кедей демей, бай демей,
Құдайындай оң қабақпен қарсы алған.
Бәйтерегім биіктей бер аспанға,
Көңіліңе дақ түспесін қашанда,
Бар қызықтың ортасында өзің жүр,
Желбіреген көк туы, алтын ғасыр заманда!

БӨЛЕМНІҢ 50-ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА
Ақыл тоқтап,ми толған,
Елуді бастың белінен.
Құттықтаймын Қадиша,
Бүгінгі туған күніңмен!
Құттықтап бүгін достарың
Қуанар жақын туыстар
Той-думаннан есі ауып,
Шыңғырласын хрусталь.
Хрусталь таза үнімен,
Көктем сәнді гүлімен
Түсін де ,сыйла достарды,
Мөлдіреген көзінен.
Достарың адал білемін,
Сыйлауға даяр ай, күнді.
Светадай гүлің бар,
Армандама алтынды.
Сенің туған күніңе,
Жиналды достар, туыстар
Кезегі келді мінеки
Құшақ-құшақ гүл ұстар.
Менің де сыйым бір шоқ гүл
Табиғат сұлу жаратқан
Қызыл гүлдей жайнап жүр,
Адамзатты таңғалтқан.
Қараша айы 1985 жыл

ТІЛЕУБАЙ ІНІМЕ
Қандай сөзбен жұбатам,
Ақылым жетпей қиналам.
Арыстан атты ұлыңа,
Таршылық қылды бұл жалған.
Бауырмашыл бала еді,
Туыс деп соққан жүрегі,
Алпамсадай денелі,
Адал еді тілегі.
Туыс, бауыр достарға,
Қорған болам деуші еді,
Сондай асыл ботамды
Тойымы жоқ сұм ажал,
Қалай қиып әкетті?
Ажалға қарсы тұратын
Пенде де әсте амал жоқ,
Қолыңда бар ғой Әселің,
Тілеуін тіле тәубе деп.

СЕРІК АМАНЖОЛОВҚА
50-ге бүгін толған Серік бауырым
Ел ағасы болуыңмен құттықтаймын!
Өмірге аңсап туып, ерке өскен,
Жайдары, кең пейілді –Саржайлауым,
Әкеңіз Аужекеңмен дәмдес болғам,
Жүрегі адал, мінезі қызық адам.
Аужекең аруақты боп өтті өмірден,
Артында Серіктей ел ағасы із қалдырған.
Бүгіліп отырсада белі бүгін,
Серігімнің анасы-данасы елдің.
Гүлзайрадай Серіктің адал жарын,
Теңеу таппай амалсыз қиналамын.
Шаңырақтың ырысы,құты да сол
Алтындай жарқыраған ұл-қыздары.
Жігіттің үш жұртының жанашыры,
Бұл күнде кім білмейді нағашыны.
Дәнекең аруақтарға дұға қылды,
Қорғасын деп Серікке қонған бақты.
СЕРІКТІҢ ӨКПЕ-НАЗЫ
Әй, Серік-ау,әй Серік!
Халқыңа асқан қадірің,
Бойыңда жоқ қой бір мінің.
Жүзден асып қайын атаң,
Дүниеден өткенде,
Кіші бажаң асығып,
Бәйгеге шапқан тұлпардай
Хабардар етпей өзіңді,
Шуға жасырын кеткенде,
Қалды ма соған көңілің,
Несіне келіп налыдың?
Жүзге кеп өлсе қайын атаң,
Ол да сенің бақытың.
Әттең дүние не керек,
Жай басып жүріп, құр қалдың,
Шапанынан атаңның.
ОМАР ХАЙЯМҒА
Болса да бар әлемге атың аян,
Аяймын, сорлысың ғой Омар Хайям.
Пері боп түстеріне кіріп жүрме,
Әйелдер шошитындай Рубаятыңнан.
Жырыңмен адамдыққа жетеледің,
Білмеймін қатең сенің неде екенін.
Кірпі боп етегінен кіріп жүрме,
Сүйе бер сұлуларды деген сөзің?
Арақты мас боп ішпе шекте дейсің,
Сұлуды қанша сүйсе көппе дейсің,
Есіл ер білмедің ғой заманында,
Боларын біздің заңда алименттің.
О құдай, құлағыңа жетсе тілек,
Көк долы, тілі шайыр, кесірі көп,
Қамашы бар қатынды бір аралға,
Шағатын бүйі,шаян , жыланы көп!
МІНЕЗДЕР
Бірі-тәтті, бірі-ащы,
Бірі-майда жаныңа.
Өте шығар біреуі
Жара салып жаныңа.
Дем береді біреуі,
Талып тұрған шағыңда.
Жан алады біреуі
Жанып тұрған шағыңда.

Мен ақын болайын деп сөз термедім,
Жүрегім өзі салды жыр өрнегін.
Қуансамда, қиналып тарықсамда
Сүйенішім болды маған өлеңдерім.
Өлең болды сыр шертер сырласымда,
Қайғымды бөлісетін мұңдасымда
Адам жанын ажалдан арашалап, қиналғанда,
Өлең ғана демеу болды қолтығыма.
БАЛАЛАРЫМА
Жұлдыз,Гүлнәр, Гүлмира,
Дәурен,Дархан-бес бала
Ұзақ күткен арманым,
Бақытым сендер жалғанда.
Сендерге айтар сырым бар,
Сендерге айтар шыным бар,
Әр сөзімді саралап,
Санаға сап ұғыңдар.
Бір құрсақтан бес бала,
Жауласпаңдар өзара.
Бес жалғыз боп қалсаңдар
Жем боларсың дұшпанға.
Өмір деген керуеннің көші бар,
Сан тағдырлар сапарлас боп тоғысқан.
Жолдасыңды таңдай біл,
Тағдыр сыйлар бақыт деген құсы бар,
Қонғаны жатқа көрінген,
Ұшқанда жүрек езілген,
Бақытыңды қорғай біл.
Әке- қорған балаға
Ана-бұлақ жайлауда
Құламайтын қорған жоқ,
Сарқылмайтын бұлақ жоқ,
Өмір заңын ойлай жүр!
9 (ТОҒЫЗ) МОЛЛА, 3(ҮШ) СҮЛІК
Інішегім қиын екен сенің жайың,
Өзің сұрап келген соң мен айтайын.
Тік ішектің шетіне,
«Қара сүйел» шығыпты айналайын.
«Қара сүйел» шығады жаурағанда,
Суық аяз бойыңды баурағанда.
Кедей сорлы өлгенде таптырмайтын,
Тоғыз молла жиналыпты бейіт басына.
Кигені моллалардың түрлі ішік,
Аяқты тоңдырмайды пимаменен саптама етік.
Қаңтардың қақыраған аязында,
Өлмей ме, жұқа киім кигендер, сәндік етіп?
Бір бейіттің басында тоғыз молла,
Сұңқылдап сүрелерді оқығанда,
Көк мұздың үстіндегі сенің астың,
Тәубе де опырылып қалмағанға.
Геморрой іріңменен туыстасып,
Астыңды қысқан шығар солқылдатып?
Ертеректе бақи болған туыстарың,
Қасына шақырама жандары ашып?
Алдына дәрігердің бармайын деп,
Өзімді-өзім емдеп алайын деп,
Емханадан үш сүлікті сатып алып,
Жіберіпсің ауыратын жерге салып.
Үш сүлік кірісіпті қызметіне,
Біреуі қанды іріңді дұрыс тапса,
Бірі адасып өліпті қаратөбе орманында,
Бірі қатып қалыпты тасқалтаның астарында.
Үш сүлік із тастапты өлсе дағы,
Қателік жасамас деп бұдан әрі.
Тоғыз молла, үш сүлік-қанша ұмытам дегеніңмен,
Елестеп көз алдыңда тұрар мәңгі!

АТА ТІЛЕГІ
Қадамың құтты болсын Әдияшым,
Құдайдан шын тілеген ақ арманым.
Ата-анам көрмей кетті кенжесінің,
Жарқырап көтерілген шаңырағын.
Өмірде арман да көп, заңы қатал,
Аруақтар желеп-жебеп жатқан шығар.
Үлкенді сыйлап жүрсең айналайын,
Батасы аталардың қорған болар.
Жалғыздық, жасырғанмен шыны керек,
Жарасқан жаратушы Аллаға тек.
«Балалы үй-базар» деген нақыл сөз бар,
Қызықтап сол базарды біз жүрейік.
Жатқан білет жалғыздықтың ащы дәмін,
Жадыңа соны сақта келін жаным.
«Бір төл туса, екі шөп артық өсет» деген сөз бар,
Қорықпа, тарығам деп құлыншағым.
Өмірдің мен қонағы өкінбеймін,
Артымда сөнбес отым қалсын деймін,
Жанұяның түп қазығы өзің жаным,
Ошағын шаңырақтың сөндірмейтін.
Ырзықты Алла берет ботақаным.
Қашанда жиналмасын дастарханың,
Ұяңа қыдыр-бақыт қонар, білем,
Ардайым ашық жүрсе оң қабағың.
Өмірде атаң-енең біз жүргенде
Ақ ботам, гүлдей жайна,күнге еркеле.
Қас қағым, бірақ сәт қой қалған ғұмыр
Көлеңке түсірмеңдер аз күніме.

НЕМЕРЕЛЕРІМЕ
Диасым, исің қандай жұпар еді,
Көктемнің самалындай жұмсақ лебі.
Ұрандап сен келгенде бұл өмірге
Тіледім,қорғасын деп,Байғозы атам ақ ниеті.
Күткенім осы еді ғой-бар арманым,
Жалғасы өмірімнің құлыншағым.
Өзіңді иіскеп тұрып тия алмадым,
Төгілген қуаныштан көздің жасын.
Бақытты бол тілерім, келешегім.
Шалмасын аяғыңнан тағдыр сенің,
Соңыңнан ерген сенің үш бауырың,
Қамқор бол, жолын ашу өз кезегің!
Инарам
Ұстамды, тұйық, байыпты,
Әр сөзді ойлап сөйлейсің,
Ақылың терең дария,
Дана туған құлыным.
Диас ағаң-қамқорың,
Ақылын алып, тыңдап өс.
Бір-біріңді тыңдасаң,
Тумайды ешбір артық сөз.
Екі тентек
Бір кіндіктен жаралған,
Саида мен Сафия.
Еркелеп өс, жасқанба,
Алдарыңда жүргенде,
Диас пенен Инара.
Есеюге асықпа,
Бал дәуреннің балын тат.
Дуылдат үйді, шуылдат.
Балалы үйдің базары,
Тоқталмасын ешбір сәт!

БАЛДЫЗЫМ КӘРКЕННІҢ НЕМЕРЕСІНІҢ ТҰСАУ КЕСЕР ТОЙЫ
Алла шығар сәбидің,
Ауызына сөз салған.
«Алихан» деп Жәния,
Бауырына ат қойған.
Аруағы қонсын басына,
Алихандай атаның,
Дәреже, атақ, бақ-дәулет,
Ұрпағына дарыған
Жұғысты болсын саған да,
Сол қасиет Атадан!
«Кәрі күйеу-жиен» деп
Айтылып жүрген қазіргі.
Атадан қалған нақыл сөз.
Бата берер бұл тойда,
Жезделіктен арылған,
«Жиен Ата» атақты,
Балтабай ақын мен болам.
Алла ұзақ жас берсін,
Зор денсаулық, бақ берсін!
Ел басқарар бас берсін!
Аруақтар сені қолдасын,
Қыдыр болсын жолдасың,
Кеспесін ешкім жолыңды,
Қақпасын ешкім қолыңды!
Таза ұста қашанда,
Ата тегің, затыңды.
Көк аспанға ту ғып тік,
Алихан деген атыңды!
БҰЛ ҚАНДАЙ ЖОМАРТТЫҚ
Совхоздың аты –«Энгельс», көшем-Тельман,
Жапсарлас «Карл Маркс»-құс фабрикам.
Кешегі көшіп кеткен көп немістер,
Кезінде орнатыпты кіші Герман.
Қазағым қашаннан да ар сақтаған,
Басқа жұртқа зорлықсыз жан сақтаған.
Бір жерде үш немістің аты бар да,
Атаусыз жер иесі қалай қалған.
Өлсек те атом шашқан сәулесімен,
Қорқып біз кетпейміз туған жерден,
Кеткенде қайда барып күн көресің,
Бұйырсын топырағым туған жерден.
Құстың да ұшып жүрген ұясы бар,
Көктемде ұясына бір оралар.
Жат жерде алыс жүрген қандас бауыр,
Аңсаған айдынына қашан қонар.
Біреуді ұлы аға деп жерді қостық,
Соңынан жерге симай елден бостық,
Құрбаны «желтлқсанның» кешіре гөр,
Сөндіңдер сол достықтың соңғы оты боп.
БАЛҚАШ
Майда кеш, жаныңды арбап самал желі,
Күмістей көмкерілген Балқаш көлі,
Санаңды сиқырымен арбағанда,
Еркіне жетелейді арман шөлі.
Қызарып Күн батарда бір бүйірден,
Толқындар асыр салар әсем нұрмен.
Табиғат түсінісіп қауышқанда,
Боласың жолыққандай жастық күнмен.
Сұлу ай бетін торлап шапыраш бұлт,
Жағаңда тұрмын мынау, дала жым-жырт,
Шақырар ләззат ал деп майда толқын,
Нұр тамған жанарынан ару болып,
Сан кештің сәні болған сұлу Балқаш
Сүңгиін тұнығыңа, мауқымды бас!
Қанша ұрпақ жүрегінде қалдың сыр боп,
Зымырап уақыт көші жанды аямас.
Балқашқа иек артып бетпақдала,
Шөліркеп жатады екен үнсіз ғана.
Жағаға із салыпты құлан, киік,
Қаталап, ыстық күннен іздеп пана,
Суреті Балқаш көлдің ғажап екен,
Сан жыртқыш ну қамысын мекен еткен.
Әсем көл ертеден-ақ аңыз болған,
Құстары, суда жүзген балығымен…
Дыбыссыз жолбарысы қамыс кезіп,
Әупілдек көлдің бетін әупілдетіп,
Шортандар шабақ қуып еріккенде,
Шағала қалады екен бір кенеліп.
Егіз су- ащы-тұщы Балқаш көлі
Тұңғиық, бізге жұмбақ ғажап сыры.
Еркелеп асыр салған толқындары,
Көркіне тоймайды екен көздің нұры.
ҚАРАЖАРТАС
Қазбауыр бұлт төбемнен сан өтсе де
Сенен биік шың бар ма маған өзге?
Балғын шақ балын татқан Сарысуым
Жатқанда толқын атып етегіңде.
Жартасым сабыр күткен атам ба екен?
Сарысу – өмір берген анам ба екен?
Жалғызың түзде шалқып жүрген шақта,
Туған жер сағынышпен ұлын күткен.
Алтын құм сумен ойнап, саймен көшкен,
Мен ұлың сол құмыңда жайнап өскен.
Ағысқа қарсы жүзіп ойнақтаған,
Бұл күнде отау тігіп бақыт кешкен.
Жағаңда менің ұшқан ұям жатыр,
Мерейің маған ұлан асыр.
Өзіңе жиі-жиі оралмасам,
Сағынам көрмегендей талай ғасыр.
Қалампыр, жусан, қияқ сайыңда өскен,
Жасыл ну жағаңдағы кілеммен тең.
Томпиған алабота – тойған қозы,
Үкілі қалың шидің аруы екен.
Еспені бала кезде талай кезгем,
Жастық шақ есейгенде арман екен.
Біреуге майқараған тікен болса,
Саясы бір мен үшін жұмақпен тең.
Бестөбе ақ төсіндей арулардың,
Сиқырлап әкетердей адам жанын.
Етекте Борбайтөбе көз қысады,
Дегендей ұмытпа сен ару барын.
Алыстан қарауытып қырқалары,
Мыс қоры – берекелі Нілді тауы.
Таң шығы бусанғанда күн нұрына,
Тартады құшағына Қумоланы.
Бәйгеге қоссаң мені Бәйгітөбе,
Туған жер мың алғысым тілегіңе.
Қара үзіп топ алдына шыға алмасам,
Налыма тартпадың деп Құлагерге.
Әр тауың, әр төбеңнің жырлары көп,
Тарихтың жазылмаған сырлары көп.
Туған жер тұра алмадым тебіренбей,
Бейнеңнен ақ қағазға салмай өрнек.

«ДАЛА»
Қарап келем туып-өскен далама,
Әлде разы, әлде маған нала ма?
Далам-анам, пейілің кең асқар тау,
Батаңды бер өнер қуған балаңа.
Сұлу дала ерекшесің көркіңмен,
Ақындарға шабыт берер серпінмен.
Дала кезген жезкиігің- ботакөз,
Жыр тудырған Кәкімбек пен Сәкеннен.
Өзгеріс көп туып-өскен даламда,
Шабыт берер талап қылған адамға,
Көріп тұрып көркейгенін елімнің,
Шалқытып бір жырға қоспай қалам ба?
Жасыл кілем жаз жамылып, балқыған,
Алтын астық – күзде теңіз толқыған.
Егін орып күндіз-түні толассыз,
Комбайндар үні – оркестр шалқыған.
Төрт түлік мал төскейімнің өрнегі,
Бара бергім келер соны көргелі.
Қозы-лағын аялаған сәбидей,
Ақ таяқты шопандардың еңбегі.
Шықсаң достым, мынау байтақ далама,
Өлең-жыр көп оралатын қаламға.
Сары қымыз дәмін тосып жеңгелер,
Қайыным деп бәйек болар алдыңда.
Жеңешелер құтысың ғой даланың,
Барған сайын бір марқайып қаламын.
Маған деген мейірімді сеземін,
Жолыққанда жанарыңа жанарым.
Киіз үйлі жайлау барып қонғанда,
Шомыласың асып-тасып арманға.
Бар кілтіңін ұмыттырған жайыңның,
Не жетеді көген керген қотанға.
Бұзау мініп, құлап жатқан баланы,
Көрсең достым еске аларсың ағаны.
Олар ұрпақ, олар үміт біз күткен,
Келешекте көркейтетін даланы.
Дала гүлі еркіңді бір алады,
Бұлағынан сусының бір қанады.
Бой жазылып қыдырғанда жайлауда,
Ұмытасың мазасыздау қаланы.
Құтты болып еңбек еткен қадамы,
Гүлдендірген мынау байтақ даланы.
Аяз сорып күн қарыған жүздерін,
Еңбек сүйгіш сол даламның адамы.
ӘҢГЕЛ АҒА
Әңгелбай Алихановтың аруағына бағыштадым

Ассалаумағалейкум, жиылған жұрт.
Дәм – тұзы ұлы астың бұйырған жұрт.
Айтылған ақ баталар қабыл болсын,
Өсетін ұрпағына ceбі тиіп!

Сарысу бастау алған Бұғылыдан,
Ертеден қазағыма ырызық болған.
Бұраңдап Арқа жерін жарып өтіп,
Асқанда Шу бойынан ғайып болған.

Бұғылы, Тағылының кең алқабы,
Кен қоры, касиетті Нілді тауы.
Ер Сәкен, Әңгел аға дәріс алған,
Өспен деп аталады кен ордасы.

Өспенде екі асылдың ізі жатыр,
Қалдырган тарихта аты ұлан асыр.
Ғасыр өтіп ұрпақтар ауыссада,
Мақтанышы келешектің екі асыл!

Асылды тарих шаңы кірлетпейді
Заманы туған кезде бip гүлдейді.
Ағалар арылғанда шаң – тозаңнан,
Ұрпағы аталарын күмбездейді!

Мәлила, құдағиым, Тастан қызы,
Мына той дуылдаган арман шыңы!
Басында жаңа ғасыр, ел жаңарган
Жұлдыз болып Әңгел ағам бip көрінді

Көрінді жаңа ғасыр биігінен,
Өткізіп қиын өмip арпалыспен.
Тағдыры сол ғасырдың шежіресі,
Арымен, еңбегімен жазып кеткен!

Аталар төрде отырған касиетті
Бәріде келешекті арман етті!
Асылдар сом алтыны заманының,
Арқалап ақ ниетін бізге жетті.
Ағаны осы асылдар еске алады, Ақылы, қайратына таң қалады. Еңбегі терін төккен аталардың Бүгінгі гүлге оранған Қарағанды!

Жігітке қайрат берер жар құрметі
Мәке Сізге оралды сөз кезегі.
Бүгінде берік тұрған ақ босаға,
Махаббат жаққан оттың құдіреті.

Ағамыз пәнилікпен қоштасқанда,
Шырылдап қалды артында сегіз бала.
Тағдырдың арқалатқан ауыр жугін,
Көтерер Сіздердей тек Асыл ана!

Оқ жонып, тон пішетін ата ұрпағы,
Өскенде әке арманын ұмытпады.
Kyәci бұл сөзімнің менің айтқан,
Бүгінгі биік тұрған шаңырағы!

Соңғы демі ағаның тоқтағанда,
Наурызбай калған екен екі жаста.
Тағдырдың құдіреті сол емеспе,
Мен құда болдым аға аруағына!

Наурызбай, Жұлдыз қызым – қос жұлдызым.
Шыңғыс, Арман, Айымым – еккен гүлім.
Eкеуің шаттаныңдар, мақтаныңдар.
Атадан калган шаңырақ иесісің.

Сөзімді аяқтаймын шын тілекпен,
Мың жылдық сыйласатын құдаңыз ем.
Немере, шөберелер туа берсін,
Толкынға ұрылмасын тағдыр – кемең!

Балтабай Райымбек.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - © 2017 ҚР Ақпарат және коммуникация министрілігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика