Балқаш қаласы 80 жылдық мерейтойын атап өтті

18 сентября 2017

Табиғаты ерекше жаратылған Балқаш көлінің жағалауына қала салынып, өндіріс ошағына айналғанына да 80 жылдың жүзі болып қалды. Өткен ғасырда дүниеге келген қала тәуелсіздік жылдарында жаңғырып, дамудың сара жолына түсті. Күн өткен сайын жаңарып, жаңғырып келеді. Осынау тарихи мәні зор датаға орай   16 қыркүйек күні Балқаш қаласында  қаланың 80 жылдығына арналған мерекелік шара өтті. Қала тұрғындарын мерейлі  мерейтоймен Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов құттықтады, — деп хабарлайды Qasym.kz  тілшісі.

— Сіздермен кездесуге дайындалғанда, Балқаш қаласын бір сөзбен сипаттағым келді. Ол сөз ең басты ерекшелікті көрсетуі керек еді. Көп ойландым, көп іздедім. Сонан соң Елбасының айтқан сөзіне көзім түсті. Өзінің 2000-шы жылғы сапарында ол Балқашты Қазақстанның мақтанышы деген еді. Балқаш шынымен де мақтан тұтарлық қала! – деді аймақ басшысы салтанатты жиын барысында. 

Мерейтой аясында қаланың дамуына үлес қосып жүрген азаматтардың еңбектері еленіп, оларға  «Балқаш қаласының құрметті азаматы» атақтары берілді. Бұл мәртебелі сыйлыққа қаланың үш тұрғыны лайықты деп танылған екен. Олар  Борис Соболев – Қазақстанның құрметті эенергетигі және Балқаш қаласының құрдасы, Людмила Түкбаева – білім ардагері, қала әкімінің бұрыңғы орынбасары және туған қаласына ондаған туындыларын арнаған суретші Өміркелді Әбеуов. 

Бұдан бөлек, қаланың туған күніне арналған стеланың ашылу салтанаты өтті. Бұл стеланың бейнесінің өз ерекшеліктері де бар. Оқ тәрізді аспанға қарай сүйірлене біткен мұнара қаланың жарқын болашаққа ұмтылған келбетін бейнелеп тұрғандай.  Композицияның авторлары ҚР суретшілер Одағының мүшелері Жанат Комутов пен Қаныш Балабеков. 

Аймақ басшысы шаһар дамуы алдағы уақытта да жоғары қарқымен дамитындығын атап өтті. Оның айтуынша, қаланың сексен жылдығы қарсаңында  жолдар жөнделді және абаттандыру бойынша бағдарлама жүзеге асырылады.  Дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп ашылады. Сонымен қатар аймақ басшысы келесі жылы Балқаш – Қарағанды – Алматы төрт жолақты автобанының құрылысы басталатынын жеткізді. Тұрғын үй құрылысы, мектеп, аурухана және балабақшалардың жөндеу жұмыстары өткізіледі.  Әрі Балқаш аймағында көгалдандыру бойынша бағдарлама енгізілмек. 2018-ші жылы 5000-нана астам ағаш отырғызылады. 

— Осы жыл жасалғандар ол тек үлкен жұмыстың басы ғана. Келесі жылы Балқашта ВЛКСМ 30 жылдығының саябағы қайта қалпына келтірілетін болады. Балқаштықтар оны көптен күткен еді. 2018-ші жылы абаттандыру жұмыстарына шамамен 1 миллиард теңге бөлінбек. Ол қаражатқа жағажай, Тәуелсіздік алаңы, жолдар және аулалар, жарық жөнделеді. Біз сонымен қатар Қоңырат шағын ауданын қалыпқа келтіруді жоспарлап отырмыз. Оған 500 млн теңге қаржы бөлмекпіз. Жәнеде туризмді дамытуды қолға аламыз. Қомақты қаражат жағажайдағы инфрақұрылымды дамытуға жұмсаймыз, — деді Ерлан Қошанов.

Қаланың мерейтойы аясында дәрігер мамандар да зор қуанышқа бөленді. Медицина саласында қызмет етіп келе жатқан  18 жас медицина қызметкерлеріне баспананың кілті табысталып, қоныс тойын атап өтті. Жаңа пәтерлердің кілттерін дәрігерлерге аймақ басшысы Ерлан Қошанов металлургтер қаласына сапары барысында табыс етті.

— Бұл қаланың 80 жылдығына қарсы өте жақсы сыйлық. Сондай-ақ мен Балқаш қаласының басшылығын да құттықтағым келіп отыр. Себебі сіздерде енді мамандар тапшылығы мәселесі де шешімін тауып жатыр. Енді сіздерде нәрестелерді қарайтын неонатолог маман да бар. Тағы бір қуанышты жайт – біздің аймағымызға басқа облыстарда жас мамандардың ағылып келіп жатқаны. Демек, Балқаш дамып, өркендеп келеді, — деді Ерлан Қошанов құттықтау сөзінде.

Балқаш қаласында дәрігерлерді баспанамен қамту үшін қалалық коммуналдық меншіктен облыстық денсаулық сақтау басқармасына бос тұрған үйдің бір кіреберісі берілген. Оны күрделі жөндеуден өткізуге облыстық бюджеттен 67,2 млн теңге бөлінген. «Балқаш Жібек жолы» мердігер компаниясы қысқа мерзімде – төрт ай ішінде жөндеу жасап үлгерген.

Жалпы кіреберісте 18 пәтер бар, оның ішінде үшеуден – төрт бөлмелі және екі бөлмелі, 7 – үш бөлмелі, 5 – бір бөлмелі пәтерлер бар. Олардың барлығы еліміздің әр облыстарынан келген жас дәрігерлерге берілді.

2018-ші жылы Балқаш қаласында дәрігерлерді баспанамен қамту үшін тағы 12 пәтер жөнделеді деп жоспарлануда.

Мерейтоды балқаштықтар ауқымды түрде атап өтті. Мерекені тойлауға Ресейден және еліміздің басқа аймақтарынан жерлестер жиналған. Көл жағалауында киіз үйлер тігілді. Сонымен қатар автошеру ұйымдастырылды – қала көшелерінің бойымен ту тіккен көліктер мен байктар жүріп өтті. Бұл күні костюм киген адамдар флеш-моб, қалықдықтар шеруі, Балқаш тіралы әндер фестивалі өткізілді. Сондай-ақ жас жұбайлар мен Балқаштың 80-жылдығына арналған байқаулардың жеңімпаздарына құрмет көрсетілді. 
Балқаштың мерейтойын атап өтуге атақты ресей рок-тобы «Чайф» келді. Бұл «Қазақмыс» Корпорациясының қала тұрғындарына сыйлығы. Мерекелік концертте сонымен қатар кзақстан эстрадасының жұлдыздары өнер көрсетті. Салтанатты шаралар соңында отшашу болды. 

 

 

 

 


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика