Баласын күрекпен ұрған әке босатылды

29 мая 2017

Төрт жастағы баласын күрекпен ұрып жазалаған 49 жастағы Пернебек Қарабаев полицейлерге өз әрекетін түсіндіріп берді. Тергеу барысында ол баласы жұмыс істеуге келтіргенін айтқан. Шаруасына кедергі келтіре бергендіктен ұлын дөңгелекке отырғызып қояды. Алайда ол мазасын алуды қоймаған. Бұған ашуланған ер адам баланы тәртіпке салу үшін оның басынан бірнеше рет күрекпен ұрып қалған, — деп хабарлайды Qasym.kz

«Тергеу барысында Пернебек Қарабаев куәгерлердің сөзімен толық келісіп, өз айыбын мойындады. Ол баласын жалғыз өзі тәрббиелеп жатқанын да жеткізді. Ал баланың өзі педагог-психологпен болған әңгімеде анасын ешқашан көрмегенін және әкесіне ренжімейтіндігін айтты», — деді аудандық прокурор Марат Сматов.

Қазір баланың әкесі ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылған. Сот-медициналық сараптама қорытындысынан соң әрі қарай қандай шешім қабылданатыны белгілі болады. 


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика