Баланың басын бетонға ұрған еркек ұсталды

31 августа 2017

Павлодарлық полицейлер ойнап жүрген балаға шабуыл жасап, оның басын бетонға ұрған еркекті ұстады. Тәртіп сақшыларының дерегінше, Баянауылдын келген жігіт сол күні спирттік ішімдік ішіп, мас болған.  

«Қазір аталмыш факт бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. 41 жастағы ер адам ұсталды, сараптамадан кейін оған нақты айып тағылады», — делінген Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметі.  

Баланың анасының айтуынша, ол сол күні жұмыста болыпты. Ал балалар аулада ойнап жүрген. Ер адамның қорғансыз сәбилерге не үшін шабуылдағаны әзірге белгісіз. Бір анығы балалар оның ашуына тиерліктей әрекет жасамаған.  


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика