Балаларға қол көтерген тәрбиеші жазаланды

25 Мамыр 2017

Әлеуметтік желіде балаларды сапқа тұрғызып қойып төмпештеген тәрбиешінің видеосы пайда болған еді. Кейін анықталғандай, ол видео Қарағанды қаласындағы «Балақай» балабақшасында түсірілген болып шықты. Видеоны әлеуметтік желіге жәбірленген бүлдіршіннің ата-анасы жүктеген екен.

Шулы оқиғаның орын алғанына біраз болыпты. Қарағанды қалалық білім басқармасындағылар мәселені тексеріп, айыпты болған тәрбиешіні жазалаған. Ол видео таралмай тұрып жұмыстан шығарылып жіберген екен. Сонымен қатар балабақшаның директоры мен әдіскері де тәртіптік жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика