Балалар қойылымының соңы екі әйелдің төбелесіне ұласты (видео)

12 Наурыз 2018

Ақтау қааласындағы Жантөрин атындағы театрда өткен балалар қойылымының соңы төбелеспен аяқталды. Жергілікті басылымдардың мәліметінше, көрермен болып келген екі әйел залда кішкентай балалардың бар екеніне мән бермей, төбелескен. Тіпті балағат сөздер жаудырып, бір-бірінің шашын жұлуға дейін барған. 

Оқиғаны куәгерлер видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде таратып жіберген. Ал театр басшылығы болса, мұндай жағдайдың алғаш рет болып отырғанын айтуда. 


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика