Балабақшаны жын- ойнаққа айналдырғандар жазаланды (видео)

28 марта 2017

Осыдан бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіде балабақшаны жын-ойнаққа айналдырған тәрбиешілер туралы видео таралып кеткен болатын. Бұл оқиға мектепке дейінгі мекемеде Наурыз мейрамын тойлау кезінде болған. Тәрбиешілер бүлдіршіндердің көзінше ерсі билеп, ұстазға лайық емес қылық көрсеткен. Сол үшін лайықты жазасын алып отыр. 


Бұл видео ғаламторда қызу талқыланып, жұрттың ашуын шақырды. Артынан қызметтік тексеру жүргізіліп қай мекеме екені анықталған. Әйтсе де білім бөлімі оны жарияламай отыр. Тек 4 тәрбиешіге қатаң сөгіс, мекемебасшысына жай сөгіс бергендерін айтты.

«Қасым-ақпарат»


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика