Бала өліміне қатысты жантүршігерлік дерек анықталды

2 июля 2017

Полицейлер маусым айында Тобыл өзеніне суға кеткен 10 жасар Ришат Харикоғылының өліміне қатысты мән-жайды анықтады, деп хабарлайды «31 арна«.

суға ағып кетті

Ришат Харикоғлыны 24 маусым күні түстен бастап іздестірген. Жексенбі күні еріктілер мен сүңгуірлер қосыла іздеп, арнайы жедел тергеу тобы құрылған. Баланың денесі екі күн өткен соң 26 маусымда су қоймасынан табылды. Анасы ұлының мәйітін таныған. 

Телеарнаның мәліметіне сүйенсек, тергеу барысында саяжайға туыстарының үйіне демалуға келген Ришат суға кеткен кезде, қасында өзі қатарлас өзге ұлдар болған екен.

«Ришат үш досымен бірге өзенге барыпты. Ол батып бара жатқан кезде, достарының бірі көмекке ұмтылады, алайда шамасы жетпейді. Үрейі ұшқан балалар Ришаттың киімдерін көміп тастап, болған жайт туралы ешкімге тіс жармаған. Олар үш күн бойы ештеңе айтпапты», — деп хабарлайды арна. 

Прокуратура хабарлауынша, балалар ювеналдық полицияның тіркеуіне алынады, бірақ олардың әрекетінде қылмыс құрамы жоқ. 


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика