Байлар да жылайды…(4- бөлім)

8 Қараша 2018

Болған оқиғаның ізімен…

Тап кешегі болған жағдай менің Сакенімді біраз есеңгіретіп тастады. Зыр жүгірген сорлы жаның қоярға жер таппай әлек. Жиырма жыл оттасқан әйелін қалай көзі қисын , бұл оған қатты тиді . Бірақ менің Сакенім мен қызыға да, қызғана да қарайтын нағыз еркектің өзі. Әбиүір болғанда әпкетайым басын көтеріп жаны жай тапқаны бар . Алайда бұл оны толықтай айығып кетті дегені емес . Сонау Израйльге барып жасатқан отасы сәтті шықты деу қиын.

Өйткені сол елдің ең мықты деген профессорлары мұны алдын ала ескерткен . Яғни жасалған отаның оң нәтиже берерін дөп басып айта алмаған . Негізі бұл ішкі ми қабыршағында пайда болатын ауру . Ашып айтқанда атың өшкір рак ауруы . Бұл ауру басқа келмесін , басқа келсе жалмап тынары анық . Себебі бұл аурудың алдында әлем медицинасы бүгінге дейін әлсіз . Қолдан келер қайран жоқ , әрі кетсе бір жыл ғана өмірін ұзартуға қауқарлымыз деген . Міне доктор айтқан бір жылдың алты айы көзді ашып жұмғанша өте шығыпты . Ал өлшенген өмірі құрғыр күн санап қысқарып барады . Қандай қатыгез еді десеңші . Қалай ғана көзім қисын , іштен тынып жылағаннан басқа қолдан келер қайран жоқ . Міне мына Сәкеңнің басында да тап осы мұң . Қимайды – ау сорлы қимайды . Бірақ амал нешік . Бұл дүниеде пенде үшін ең ауыры өз өліміңді күтіп жатқаннан басқа не бар . Дегенмен менің әпкетайым өте сабырлы адам . Сыр беріп жақ ашпайды . Тіпті мен келген үш айда бір ретте ауырдым деген емес . Бірақ аурудың зардабын тартып жүргені маған белгілі . Ал кешегі оқиға сол ми қуысына көк судың мөлшерден тыс жиналуының салдары . Жүріп – жүріп күндердің күнінде ми суға толғанда , аяқ қолды шырмап аударып тастайды . Соны кешегідей тесік бастан тартып алып тазалап отырады . Сол үшінде мына бастың үсті ашық тұр . Оны қайта жауып тастауға болмайды . Сонымен көп айтып қайтейін сол жатқаннан үш күн жатқан әпкетайым өз – өзіне келе бастады . Жымия қарап күлетін бұрынғы күлкісі қайта келді . Бұған Сакеңніңде жаны жай тауып жадырап салаберді . Осылайша үй ішіне күлкі орнады . Қысқасы бәріде біз ойлағандай болып , бұрынғы тіршілік қайта жалғасты . Содан бір күні қаладағы дәріханаларды шарлап кеп шаршап жатып қалғаным бар . Бұл сол қаңтар айының соңғы күндері болатын . Әлдебір дауысқа оянып кетіп тың тыңдай бастадым . Көрші бөлмеде әпкетайыммен Сакенім өзара сөйлесіп отыр . Ашық тұрған есіктен жеткен дауыс жаныма жағып барады .
– Көзім тірісінде мына қызға үйленші жаным , қуанышыңтарыңа куә болайын – дейді әпкетайым .
– Жооқ -дейді оған менің Сакенім . Сен тірі тұрғанда маған ешкім керек емес , үйленбеймін- дейді . Негізі менің әпкетайым өте ақылды ғой .
– Жаным – ау , бұл қазақтың салтында бар нәрсе ғой . Біз Ресейде туып өссекте қазақ емеспіз бе ?Тоқал деген ол бұрын да болған , қазір де бар . Бұл біздің ата – бабамыздың заңы . Мұны мен шығарғаным жоқ қой . Қашанғы осылай жүрмексің . Менің құшағыма жатпағаныңа қанша болды . Түсінемін-ау , аяныштан жаныңды қоярға жер таппай жүрсің . Енді менің денсаулығым болмаса қайтесің . Сіңліме бәрін де өзім айтып түсіндіремін . Сен қарсы болмашы жаным , үйленші -дейді .

Мына сөзге Сәкеннің не деп жауап бергенін ести алмадым , бірақ әңгіме мен жайында болып тұрғанын анық білдім . Міне бұл менің басыма бақ қонуға аз ақ қалды деген сөз . Өйткені әне – міне дегенше көктем келеді . Сонан соң әпкетайым не әрі, не бері болады . Ал одан соң мына Сәкен менің қармағыма түседі . Бұл дегенің мынандай үлкен үй , мұншама көлік , соншама дәріхана қысқасы бәрі – бәрі менікі болады деген сөз . Сондай ақ сырттай естуімше қаланың қақ ортасындағы көпқабатты үйлердің бірінде ,үш бөлмелі жекеменшік пәтері тағы бар . Оны сөз арасында өздерінің , бұрынғы үй , қаладағы үй деп сөйлескендерінен білемін . Міне мұны басыңа қонған бақ демегенде басқа не дейсің . Енді тек мына Сәкеңді буынына түсіп бұлауыма салып алсам болғаны . Ал әпкетайыма ешқандайда жамандық тілемеймін . Өз маңдайынан көрер , қайтейін . Осылайша бұл екеуінің түпкі ойлары маған белгілі болды . Негізі мұны о бастан ақ байқағаным бар . Қысқасы тап қазір құдай маған форточкіден лақтырғалы тұр . Лақтырғанда да қайдағы бір үйсіз – күйсіз жігітті емес , кең сарайымен бітпес байлығы бар жігіт Сұлтанын табыстағалы тұр . Бұл әрине мен осыдан бір жыл бұрын күтпеген оқиға болса да , құдай берді деген сөз . Енді менің жолым айқара ашық . Төрт жағым теңдей құбыла . Қысқасы осы әңгімеден соң қалаға шықсам Сәкеңді ерте шығатын болдым . Оған дейтін сылтауым көп . Ең бастысы мына дәріханалардың отчёты . Шынын айтайын осы отчётқа келгенде менің миым жетпейтіні бар . Ал он жылдан аса осы салада жұмыс өтілі бар Сәкең бұл отчётты семішкеше шағып тастайды . Оның үстіне тап осы күндер дебит – кредит деп сол отчёттың басталған кезі . Міне осы отчёт маған өз кезегінде Сәкеңмен көбірек тілдесуге , көбірек кездесуге мүмкіндік берді . Өйткені осы адамға деген менің көзқарасым өзгергені қашан . Бұрында үрпие қарайтын болсам тап қазір күлімдей қарайтын болғанмын . Енді күлімдеп тұрмай қайтейін , өзі де күн сайын ұнаған үстіне ұнап барады . Тіпті самайындағы ақ шашты қараға бояп тастасам , отыздың үстіндегі жігіт ағасы боп шыға келеді . Тек көп сөйлемейді демесең , басқа жағынан тағар кінәм жоқ . Өзі сондай салмақты да сабырлы адам . Қысқасы бұл адам маған қатты ұнайды . Мұны уысымнан шығармауым керек . Оған менің мүмкіндігім бар . Енді мен осыны ғана ойлай бастадым . Сәтін салып Сәкеңді құрықтасам деп көп жүрдім . Алайда сол күнді асыға күтсемде бұйырар емес . Қайтейін , әкемдей адамға барып өзім жабысайын ба ? Ал жабысқан күнде де тұра қашса қайтпекпін . Көргенсіз қыз екен деп мүлдем сырт айналып кетсе ше ? Онда мен мынаның бәрінен құр қалатыным анық . Ал еркек боп өзі қозғалмаса ше . Негізі бұл менің болашақ байым емес болашақ жүргізушіме ұқсайды . Міз бақпайды-ау сорлы міз бақпайды . Тым болмаса қаладағы кафелердің бірінен тамақ ішейік десе екен . Мына Сәкеңде ол да жоқ . Жұмыс бітті дегенше қала сыртына қарап тартып отырады . Бір сағат болсада бәйбішенің қасында отырып қайтады . Түсінемін , қимай жүр ғой өзі . Өкініштен өзегі де өртеніп жүр . Бірақ менде ешкімнен кем түспеймін ғой . Модель болмасам да солардың ар жақ бер жағымын . Өйткені соңғы кездері киген қымбат киімдерім мені онан сайын көріктендіріп жіберді . Оның үстіне қып – қызыл түсті су жаңа Лексусым тағы бар . Мұны менің әпкетайымның қолынан алғаныма екі ай болған . Үйреніп алсам деп , қаланы кербездене кезіп көп жүремін . Бір қызығы қай жерге бармайын , мейлі ол жанармай құю бекеті болсын , мейлі дүкендер болсын аяғыма орала кететін еркектермен олардың жылы лебіздерін көріп естимін . Ал мына Сакеңнен ондай сөзді есту қайда ? Жақ ашпайдау қырсық жақ ашпайды . Негізі бар ғой мен осы еркектерге таң қаламын . Пәленкес қырықтан кейін қылық шығарып өз қатынын тастап кетіпті деп жатады . Немесе түгенкес жас қызбен жүріп отбасы ойранға түсіпті деп жатады . Сонда менің Сәкенім неге үндемейді осы . Тым болмаса жанында жүрген қыздың қолынан сипаса нетті . Кезінде алғаш рет қолымнан ұстағанда тұра қашпақ болғаным бар . Енді міне сол күнге зар боп жүрмін . Қой енді бұлай жүргенім жарамас . Ертең – ақ қаладағы пәтері жайлы сөз қозғап сонда барып көрейік дейін . Мүмкін сол жерде бір мүмкіндік туар . Алайда бұл пәтерде бізге куә бола алмады . Кілтін қолыма ұстақан Сәкең көлікте қалып сымпиып жалғыз кіріп шықтым .
– Өзің бара берші . Екінші қабат 55 – ші пәтер дегеннен басқа ештеңе айтпады . Енді қайттім . Мұнымнанда түк шықпады . Бірақ пәтерге деген өкпем болмады . Іші мұнтаздай таза , бәрі өз орнында тұр . Тіпті жатын бөлмесінде жеке әжетханасымен душевойына дейін бар . Қап мына төсектің босқа тұрғанын қарашы . Сәкең келіп құшақтап тұрып тартып ұрса ғой шіркін . Құрсын , тек асықпа Сәбира деймін . Сабыр сақта . Ол күнде алыс емес . Сәкеңді де түсінуім керек . Көңіл күйі болмай жүргені рас . Кім жақынын бұл жалғаннан қисын . Бәріде ауызбен айтқандай оңай емес қой . Сабыр түбі сары алтын деген бар , күтейін деп қайта шығып көлікке отырдым . Осылайша бүгінгі күнімді де тек қиялмен ғана өтірдім . Ал бұл жайлы менің Сәкенімнен ешқандайда хабар жоқ еді …

( жалғасы бар )
Ғани Әлихан
Дереккөз: el24kz


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика