Байлар да жылайды… (1- бөлім)

5 Қараша 2018

Болған оқиға ізімен…

Жас шамасы біразға келген осы адам қыр соңымнан қалар емес . Өзі бір сөз ұқпайтын сұмырай екен , аңдығаны аңдыған . Бұл менің үлкен қалаға алғаш келгенімдегі болған оқиға . Гәзет журналдардан жұмыс іздеп жүріп әрең дегенде осы жұмысымды тапқанмын. Осылайша күнделікті баратын жеріммен үйге келетін жолым бір жол . Ал мұны білетін мына көкжал қыр соңыма түсіп алған . Аяқ алып жүруден қалдым . О баста ойда жоқта пайда болғанына таң қалатынмын .

Тіпті ұрсып тастап өте шығып жүрдім . Алайда мұнымнан түк шықпады . Енді қайтсем екен . Сотқа арыз жазып көзін құртсам ба екен ? Бірақ кімге жазамын , қайда жазамын оған менің сауатым жетпейді . Ал жеткені менде не деп жазамын ? Бұл адам маған соншалықты не жамандық істеді ? Түк те істеген жоқ қой . Тек танысайық , үйіңізге жеткізіп тастайын деп қипақтағаны болмаса басқа сөз айтқан емес .

Көлігіне қарасам жәй жүрген біреу емес екені белгілі . Өйткені мына көлік қымбат көлік . Ол кезде маған көлік жүргізу түгіл түр түсін анықтау қайда . Алып қалаға ауылдан жаңа келген кезім . Өзім қаланың қызындай жалманып та тұрғаным жоқ . Қысқасы міне осы . Әкем қатарлы мына ақбастан құтыла алмадым . Қашанғы қашамын және де қайда қашамын ? Онан да жақсы сөзбен айтып түсіндірейін деген оймен бүгін де жұмысымнан шығып жан – жағыма көз жүгірттім .Әне ,ана бір тұрған ақ машина сонікі болса керек . Мен үлкен жолға жетем дегенше болмады , қатарласа кеп терезесін түсіріп күнделікті әуеніне басты .
– Қарындас , жеткізіп тастайын- дейді . Ия ия , тап солай деді . Мынау сол күнде кеп мені күтіп тұратын ақбас адам . Енді қайттім . Аялдамаға жетем дегенше біраз жер бар . Ал жаяу жүргіншімен қатар жүрген көлікке кейінгілер сигнал басып үлкен көше бойы уда- шу . Ал мына ақбастың оған қарайтын түрі жоқ .
– Отырыңызшы деп жалынып келеді . Құдай жазса шараң барма сол мезет алдағы аялдамаға дейін отыра салсам деген ой миыма сап ете қалмасы барма .
– Мақұл отырайын , бірақ анау аялдамаға дейін отырамын – деп айтып салдым . Бұл сөзіме ақбас қатты қуанып кетті . Көлігінің есігін айқара ашып тоқтай қалды . Менде жан – жағымды бір шолып шықтым да алдыңғы орындыққа қарғыдым . Осылайша өмірімде жігітпен кездесіп көрмеген мен әкемдей адамның көлігінде отырдым . Ал жаңа көлік жәймен жүріп ортаңғы жолға шықты да көп көліктер нөпіріне қосылды . Міне , осыдан соң сұрақ жауап басталды .
– Есімің кім дейді , салмақты үнмен .
– Сабира –дедім де үнсіз қалдым .
– Қуаныштымын , қайдан боласың сұлуым ?- дейді қайта қарап .
– Жезқазғаннан боламын – дедім . Содан өзара әңгімеміз қыза түсті .
– Жезқазғанда болғанмын дейді . Кішігірім қала . Бірақ қыздары өте сұлу . Негізі қазақтың қыздарының бәрі сұлу ғой , менің әйелім де өте сұлу келіншек – деп барып тоқтап қалды . Мына сөзге төбемнен жай түскендей болды . Сол сәт неге екенін білмеймін “тоқтаңыз , тоқтатыңыз көлікті , түсіп қаламын” -деп айқайға бастым . Бірақ мұнымнан түк шықпады . Кешіріңіз деп кешірімді сұрап алған ақбасым мен тұратын ауданға қарай жүйткіді . Не істеймін үнсіз ғана отыра бердім . Іштей ойлап қоямын , қыз қырқын қуған еріккеннің ермегі болғым келмейді . Мынаның есі дұрыс емес . Бұл тап сондай адам . Қызындай қызға көз салған құлқынның құлы болғыр біреу . Ақша не істетпейді дерсің? Қымбат көлікті киімше ауыстырған мына еркексымаққа қыз керек . Қыз болғанда да қыпшабел , қасы қиылған оймақ ауыз қыз керек . Мен өзімді сұлумын демеймін,бірақ маған сөз салмаған жігіт жоқ . Ауылдағы мектептеде ,онан Қарағандыға мед колледжге оқуға түскенімде де қырындағандар көп болған . Тіпті колледж басшыларының бірі оқуымды ,пәтерімді ,киімдерімді мойнына аламын деп қолқа салғаны бар .Бірақ менің тәрбием бөлек . Тең – теңімен тезек қабымен деген бар .Әкемдей адамның көлігіне отырып құдай ұрғанын қарашы .Осыдан аман сау үйіме жетсем , екінші рет маңына жоламаспын . Және де басы бос еркек болса бір жөн . Сұлу бәйбішем бар деп қояды .

Осылайша өз ойыммен арпалысып отырғанда үйе жеттік . Енді мына қызықты қараңыз .Мен тұратын үйді мына ақбас бұлжытпай тауып келді .Тіпті подезімді де білетін сияқты . Оған өзі қуанып отырған сыңайлы .
– Міне аман есен жеттік қарындас -дейді жерден жеті қоян тапқандай .Мен не дейін ? Қуанышымда шек жоқ .
– Рахмет сізге , ақшаңызды төлейін- дедім сумкама қол жүгіртіп . Қойыңыз қарындас , ақшаңыз керек емес . Онанда бес минут болса да отырып әңгіме айтайықшы – дейді қолымның сыртынан ұстап . Мына іске қорқып кеткенім соншалық .
– Жіберіңіз мені -деп екінші қолыммен есікке жабыстым . Бірақ қорқынышым тез де басылды . Өйткені өз үйімнің алдында өз ауламда отырмын . Сонымен қатар осы адамның түпкі ойын да білгім келді . Сол үшін де өзім бастадым .
– Ал айтыңызшы , сіз маған не дегіңіз келеді .Менен сізге не керек деп бұртидым . Сонда ғана ақбасым әңгімесін бастады .
Менің жасым 42 -де . Осы қаланың тұрғынымын . Екі қызым бар . Екеуі де шет елде оқиды . Несін жасырайын , үйде бәйбішем де бар . Екеуміздің отау тіккенімізге жақында жиырма жыл толады . Фармацевтика жөнінде бизнесіміз бар . Қала сыртындағы жеке секторда тұрамыз . Қарсы болмасаң бір күні біздің үйге қонаққа барсаң .Үйдегі жеңешеңмен таныссаң . Ол өте жақсы кісі . Сенбесең міне , өзің сөйлесіп көрші деп әлдекімге қоңырау соға бастады . Ойбай , мынау жынды ма әлде алжыған біреу ма ? Бәйбішесімен таныстырам деген несі .Қой мына сұмырайдан аулақ жүрмесем болмас деп түсіп қаша жөнелдім . Алайда алысқа кетуге шамам жетпеді .
– Сабираш , түсінші мені . Сен толық тыңдаған жоқсың ғой , сол үшінде түсінбедің .Тоқташы , бері келші . Тым болмаса анау скамейкада отырып сөйлессек деп едім, егер көлік те отыруға қорықсаң -дейді .

Ойбуй енді қайттім . Қайдан ғана отырдым мына көлікке . Енді қалай құтылсам екен . Мынаның есі дұрыс емес екені анық . Бәйбішесі несі ойбай . Қой онан да бәрін айтып – айтып тастайын да құтылайын деп кері бұрылдым . Бірақ көлігінен түсіп қолын созып тұрған мына ақбасты көргенде қаттым да қалдым . Өйткені бір қарағанда кәрі көрінгенімен көліктен түскенде көрген ақбасым мүлдем басқаша еді . Ұзын бойлы ,үстіне қымбат киім киген осы адам мені өзіне баурап бара жатты .Осылайша көлікке отырып басымды изей бердім .Тіпті әйелімен сөйлесуден де қашпадым . Сіңлім деп сөзін бастаған әйелінің даусын телефонда естігенде ғашық боп қалдым .Тек орысшаны көбірек қосып сөйлегені болмаса өте ақкөңіл әйел екенін сезіп тұрдым . Осылайша мына ақбаспен арамыз жақындай түсті . Кетерімде қолыма бір уыс ақша ұстатты . Әрине мен ол ақшадан үзілді – кесілді бас тарттым . Бірақ сөмкеме салған әлгі ақбас алмасыма қоймады . Пәтеріме келіп санай бастадым . Қанша дейсіз бе ? Бақандай жетпіс шықты , жетпіс мың теңге .Ол кездегі жетпіс мыңмен қазіргі үш жүз мыңды ұрып жықса болады . Бұл менің сол кездегі үш айлық пәтер ақыма жетеді . Ол кезде менің жалақым қырық мыңнан сәл ақ асатын . Бұл дегенің өте көп ақша . Осылайша ақбас өз дегеніне жетті . Келесі кездескенде номерімді беріп үлгірдім . Қоңырау соғып тұратынды шығарды .Бәйбішесі де қалмады , қоңырау соғып шақырып қоймады .Сөйтіп жүргенде телефонда даусын ғана естіген осы келіншекті қатты көргім келді . Бастапқы апта бәйбішесімен телефонда ғана сөйлесіп тұрдық . Ал ақбас менің тегін таксиіме айналды . Жұмыстан шықсам үйге жеткізеді , үйден шықсам жұмысқа жеткізеді . Қоқаңдап анда – санда ұялғаннан ақша берсем алмайды . Керісінше маған береді . Бұртиып алып менде алмаймын . Осылайша арамыз жақындай берді . Бойым үреніп тез тіл табысып кеттім . Алғашқыда әкемдей көрінген ақбас енді маған ең жақын адамға айналды .Арадан күндер сырғып өтіп жатты . Бәйбішесі қонаққа шақыруды тоқтатпады .Соңында менен шыдам кетті . Тек даусы ғана естілетін келіншекті өз көзіммен барып көргім келді .

Ақбаспен келісе отырып осы сенбіге жоспары құрылды . Негізі менің жұмысым сенбі жексенбіге қарамайтын . Қалалық аурахана болған соң ауысыммен жұмыс істейтінмін . Сондай ақ бір бөлмелі пәтерді үш қыз жалға алғанбыз .Айына әрбіріміз 10 мыңдай ақша төлейміз .Енді менің алдымда осы екі құрбыма қалай айтсам деген сұрақ тұрды . Шыныменде не десем екен . Ақбасыма барам десем ше . Онда мен күлкіге қалғаннан басқа не табамын . Туысқандарыма кеттім дейтін бұл қалада
ешкімім жоқ деп қойғанмын . Бармай қалсам ба екен? Онда әлгі келіншектен ұятқа қаламын . Оның үстіне өзім де осы жұмбақ келіншекті көргім келеді .Қойшы , не болса сол болсын . Қазір үйден шығамын да жүре беремін . Әрине жаяу бармаймын . Тіпті таксимен де бармаймын .Өйткені мені күтіп есігімнің алдында ақбас тұр . Шығамын да көлігіне отырамын . Сосын телефонымды аламда бейтаныс келіншекке қоңырау соғамын . Үйіне жеткенше үзбестен сөйлесіп барамын . Егер ақшам бітсе мына ақбастың телефонын пайдаланамын . Өйткені ол заманда қазіргідей тегін тариф жоқ . Сондықтанда маяк лақтыру мода боп тұрған кез . Немесе қайтып қоңырау соққанша торпедолататын заман . Әсіресе студенттермен біз сияқты пәтерде тұратындардың арасында бұл қатты дамыған . Соңғы бес бірлігің бар болса болды , маяк лақтыруға жетіп жатыр .Тек телефонның арғы жағындағы адам ұстап алмаса болды . Бес , алты тіпті он рет маяк лақтыра бер . Мұны менің замандастарым біледі . Бұл сонау 2005 – 2006 – шы жылдар . Қысқасы мен оның несін қайғырамын . Төменде тұрған ақбасқа бір маяк тастасам жетіп жатыр . Жүгіріп барып карта сатып алады да номерін теріп маған жібереді . Мен сол цифрларды терем де телефоныма 500 немесе 1000 бірлік жүктеймін . Бүгін де солай болған . Ол маған ақша жүктеп берген . Ал сол адам тап қазір төменде мені күтіп тұр . Қысқасы шықтымда көлігіне отырдым . Азын аулақ аман – саулықтан соң қала сыртындағы ақбас үйіне қарап тартып кеттік …

( жалғасы бар )
Дереккөз: el24kz
Ғани Әлихан


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика