Бағдат Мусин iPhone-ның дәл көшірмесін жасаған қазақтарды соттамай, керсінше қолдауды ұсынды

26 сентября 2017

ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнаулы есепке алу комитетінің төрағасы Бағдат Мусин «iPhone» телефондарын қолдан жасап келгендерге қатысты өз пікірін білдірді.

«Жігіттер iPhone қолдан жасаған?! Меніңше, оларға заңды өндіріспен айланысуға мүмкіндік беру керек. Бір технопарктен техника жасау цехын ашу керек. Жеңілдікпен қаржы беру керек. Цифрлы Қазақстан туралы жарияладық емес пе?! Егер балалар түпнұсқа платалармен арзан бөлшектерден iPhone жасап шығарған болса, олардың қолынан көп нәрсе келетіні белгілі. Сондай-ақ, кәсіпкерлік бастамалары жаман емес екен», — деді Бағдат Мусин Фейсбуктегі парақшасында.

Айта кету керек, Алматыда «iPhone» маркалы жалған смартфондар жасап келген цех жұмысы әшкереленген болатын.

Қалалық Мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлері «Аэровокзал» сауда орталығы аумағынан «iPhone» маркалы телефондар құрастырып, қаттап жатқан адамдарды ұстаған еді. Жедел-іздестіру шарасы аясында заңсыз тауарды Қазақстанның өзге аймақтарынан келген жеке тұлғаларға, сондай-ақ Алматыдағы Орталық универсал дүкеніне (ЦУМ — авт.) өткізіп келген саудагерлер ұсталды. Анықтау барысында 30 дана «iPhone» телефоны тәркіленді. Сарапшылардың айтуынша, Алматыда құрастырылған заңсыз телефонды түпнұсқадан ажырату өте қиын. Себебі, смартфонды құрастыру барысында жедел жады мен «орталық процессердің» түпнұсқасы қолданылған. Алайда, гаджеттің өзге бөлшектері жалған әрі арзан бұйымдардан тұрады. Іс бойынша, ҚР ҚК 222-бабымен (тауар белгісін заңсыз пайдалану) қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілгеннен кейін іс сотқа жолданады.

Дереккөз: Жасқазақ


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика