«Бабаларға тағызым» атты халықаралық автокеруен жолға шықты

21 Тамыз 2017

Қаз дауысты Қазыбек би Келдібекұлының 350 жылдық мерейтойы өз деңгейінде атап өтілді. Мерейтой аясында көптеген игі істер атқарылып, ел мерейі асқақтай түскендей болды. Сондай маңызды шаралардың бірі – «Қаз дауысты Қазыбек би жолымен: бабаларға тағзым!» атты халықаралық автокеруені.

Тамыз айының 19 жұлдызында, Қазыбек би бабамыздың ұрпақтары ақ батасын беріп, шығарып салған керуен жолай Ботақара ауылындағы Бұқар жырау бабамыздың басына соқты. Керуен қатысушыларын жергілікті тұрғындар қошеметпен қарсы алып, ақ жол тілеп шығарып салды.


Құрамында өнер және мәдениет қайраткерлері, тарихшылар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кіретін керуен кеш бата Жаңаарқа ауданындағы Аралбай батыр Әлібекұлының басына соқты.

Керуеннің екінші күні Сәтпаев қаласындағы Қаныш Имантайұлының ескерткішіне гүл шоғын қойып, мерекелік концерт өткізумен жалғасын тапты. Осыдан соң керуен қатысушылары киелі Ұлытау өңіріне ат басын тіреп, «Хан ордасына» тәу етті. Кереуенді қошеметпен қарсы алған тұрғындармен кездесіп, мерекелік концертке қатысты.

Автокеруен Қызылорда қаласын бетке алды.

Бек НОҒАЙБАЙҰЛЫ
Фото: Максим Рожин
«Қасым-порталы»


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - © 2017 ҚР Ақпарат және коммуникация министрілігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика