Азық-түлік бағасы өсіп жатыр

31 марта 2017

Елімізде азық-түлік бағасы қымбат жатыр. Әсіресе ет өнімдерінің бағасы аспандап кеткен. Жеңсік асын алуға қаржы таппай қиналған тұрғындар өздерін өзге өнім түрлерімен алдаусыратуға көшіпті.
«КТК» арнасы ұсынған мәлімет бойынша, соңғы ауда қой етінің бағасы 1,5 пайызға қымбаттаған. Ал дүкен сөрелеріндегі сиыр етінің келісі 1300 теңгеге бағалануда. Жылқы еті туралы айтудың өзі артық. Оны көптің қалтасы көтере бермейді.
Мал етінен бөлек балықтың да бағасы аспандап тұр. Қазақстанның өз балығы шетелдік өнімдерге қарағанда бірнеше есе қымбатқа түседі екен. Халық көп тұтынатын балықтардың кейбір түрінің келісі 1 265 теңге көлемінде саудалануда.
Сүт өнімдері де едәуір өсіпті. Қаймақ, ірімшік дегендердің енді жеңсік асқа айналатын түрі бар. Себебі, олардың келісі қазір 2 мың теңге.
Көкөніс құны да қалып жатқан жоқ. Пияз бірден 9 пайызға, картоп – 4 пайыз, сәбіз 3 пайызға қымабатған. Көшті сарымсақ бастап тұр. Оның келісі етпен бірдей – 1 187 теңге. Қызығы сол, сырттан келетін кейбір жемістердің бағасы керісінше төмен. Мәселен, апельсин – 1,6 пайызға дейін арзандапты.
Ұн өнімдерінің бағасы да ұнамды болмай тұр. Астыққа бай ел болсақ та, олардың құны жарты пайызға дейін жоғарылаған. Бәрінен бұрын «тәтті» десе сілекейі шұбыратындарға обал болды. Өйткені ең арзан кәмпиттердің келісі- 900 теңге. Майонез, ашытқы, арақтың да ақысы осы айда артқан.

«Қасым-ақпарат»


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика