Әзілдемек болған әйел алты жылға қамалуы мүмкін

1 апреля 2017

Бірінші сәуір күнінде полицейлермен әзілдеспек болған оралдық әйел қатаң жазаға тартылуы мүмкін. Бұл туралы  Терроризммен күрес жөніндегі облыстық штабтың БАҚ-пен байланыс тобы хабарлаған.

Көрнекі сурет

Полицейлермен әзілдескісі келген әйел полицияға қоңырау шалып, поезда белгісіз адамдар күйеуін кепілге алғанын мәлімдеген. Арада біршама уақыт өткен соң полицияға қайта қоңырау шалып, өзінің әзілдегенін айтады. Алайда құқық қорғаушылар оның бұл әрекетін кешірмей отыр.
Тәртіп сақшылары өздерімен әзілдеспек болған келіншектің аты-жөнін анықтады. Ол Батыс Қазақстан облысының 30 жастағы тұрғыны екен. Қазір әзілқой әйелге қарсы ҚР ҚК 273 бабы «Террорлық акт туралы қасақана жалған ақпарат беру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Заң бойынша ол алты жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Еркебұлан Шайжанов,

«Қасым-ақпарат»


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика