Ажырасқандар айыппұл төлеуі мүмкін

9 Қараша 2017

Сенатор Әли Бектаев некесін бұзғандарға баж салығын барынша көтерейік деген ұсыныс жасады. Сонда артық шығынды ауырсынған жанұялар ажыраспайды екен.

Ажырасу

Елімізде отбасындағы қиындықты көтере алмай, екі жаққа кеткен жұптар  саны күн санап көбеюде дейді депутат. Соңғы 5 жылда 51 775 шаңырақ шайқалған. Егер неке бұзғаны үшін баж салығын еселеп көтерсек, отбасын да сақтап қалуға болады деп сенеді сенатор. Қазір ата-аналар тәрбиеге де жүрдім-бардым қарайтын болған. Бар жауапкершілікті мектепке артып қою дұрыс емес. Ұл мен қызы қылмыс жасаса, әке-шешесін де жазаға тартайық деп отыр Бектаев. Ал заң бұзған әйелдерге кешіріммен қарауға шақырды.  Қыз-келіншектерге жазаны барынша жеңілдетіп, абақтыны айыппұл салумен  ауыстыруды және әйелдер түрмесін шетінен жауып тастауды ұсынды. Қазір еліміздегі 6 әйелдер түрмесінде 2 мыңнан астам қыз-келіншек жазасын өтеуде.

Әли Бектаев, Сенат депутаты:

-Отбасылық өмірдің рухани негіздері деген арнайы пән әзірлеп, оған лайықты оқулықтар дайындап, мектеп бағдарламасына енгізуді. 5 және одан көп бала туған аналарға әлеуметтік жалақы дайындап, бала күтіміндегі уақытты еңбек өтіліне теңестіруді.Түрмеде отырғандар санын бірте-бірте азайта отырып, әйелдер түрмесін мүлдем қысқарту шараларын қарастыруды ұсынамыз.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - © 2017 ҚР Ақпарат және коммуникация министрілігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика