Азғын еркек туған қызын екі жыл бойы зорлап келген

18 августа 2017

Қостанай облысында өз қызын екі жыл бойы зорлап келген ер адамға қатысты сот үкімі шықты, — деп хабарлайды «Қостанай жаңалықтары» облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Соттың мәліметінше, 38 жастағы тұрғын 2015-2017 жылдар аралығында 2001 жылғы қызын зорлап келген. 
Судья оны ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 4-бөлігі бойынша айыпты деп танып, 15 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Сонымен қатар, ер адам педагогикалық қызметке және кәмелетке толмағандармен жұмыс істейтін қызметке тұрудан өмір бойына шектелді. 
Сотталушы жазасын максималдық қауіпсіздіктегі қылмыстық атқару жүйесінде өтейді. 

Үкім әзірше заңды күшіне енбеді.

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика