Аялдамаға арандату мәнінде сөз жазған адам ұсталды

25 сентября 2017

Астанада аялдамаға арандату мәнінде сөз жазып кеткен адам ұсталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елордалық ІІД тергеу басқармасының өкілдері биыл тамызда болған оқиғаның мән-жайын айтты.

Еске салсақ, сол кезде Facebook желісінде Жеңіс даңғылы мен Молдағұлов көшесінің қиылысындағы аялдамаға жазылған мәтіннің суреті жарияланған еді. Полиция бұл суреттегі жазуды » Ұлттық, рулық, нәсілдік, әлеуметтiк және дiни араздықты тұтандыру» деп бағалады. 

Осы дерек бойынша тергеу басталып, жарияланым авторы іздестіріле бастаған еді. 

«Жеңіс даңғылы мен Молдағұлов көшесінің қиылысындағы автобус аялдамасында табылған жазба дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабының 1-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды. Күдікті ұсталды, оған қатысты Астананың Сарыарқа аудандық № 2 соты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануды шешті. Қылмыстық іс аясында Астананың ССИ сарапшыларының қатысуымен сәйкес зерттеулер тағайындалды», — деп хабарлады тергеу басқармасындағылар.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика