Автобуста болған оқиға көптің көзіне жас үйірді

13 Ақпан 2018

15 жасар жасөспірім автобусқа еніп , жайғасып отырған сəтте өзінен басқа тірі жан болмапты . Жол – жөнекей көлік іші адамдарға тола бастады . Ортада тұрып тұрғандардың саны арта бастады . Əлгі баланың ешкіммен жұмысы жоқ , қалың ойға беріліп терезеге үңілумен келеді . Жолаушылар енді оны кіналап , жан – жақтан ақыл айтып үлкендерге орын бермегеніне ренжи бастайды . Балада əлі де үн жоқ , тұрайын деген əрекет те жоқ . Бұған ашуланған жолаушылар жан – жақтан айғайға басып , баланы түтіп жеуге даяр тұр.

Өзіне қарата айтылған неше түрлі ғайбат сөздерге шыдай алмаған баланың көзіне мөлтілдеп жас келіп : » Жақсы , мен қазір тұрайын , бірақ сіздерден ешкімнің де бұл орынға отыруға дəті жетпес еді » – дейді күйініп . Еліріп алған топ ол сөздің мəнісіне бара қоймай , айыптауларын үдете түсті . Бала орындық астына еңкейіп , алдымен бір балдағын , кейін екіншісін алып , соларға сүйеніп орнынан тұрады . Оның бір аяғы жоқ еді . Соған қарамастан қайтып ол орынға отырмай қойды . Сол арада сөздер де сап тиылып , көлік ішінде еңсені басар өлі тыныштық орнады . Əлгі орын бала түсіп кеткенше бос күйінше қала берді .


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018 ҚР Ақпарат және коммуникация министрілігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика