Автобус жолаушылары тірідей өртеніп кете жаздады

14 октября 2017

Теміртау қаласына жақын үлкен жолдың бойында оқыс оқиға орын алды. Тас жолдың бойында жолаушылар автобусы өртеніп,   18 адам тірідей жанып кете жаздады. Абырой болғанда олар жалын шарпыған көліктен дер кезінде шығып, қауіпсіз жерге кетіп үлгерген, — деп хабарлайды Qasym.kz 

Автобус жолаушыларының айтуынша, олар зиратқа барып келе жатқан. Жолда түтін исін сезеді, артынша лаулаған отты көріп, бірден сыртқа ұмтылған. Өрттің шығуына тоқ сымдарының тұйықталуы себеп болуы мүмкін. Автобус жолаушыларына жақын маңда орналасқан   55524 әскери бөлімінің сарбаздары көмекке келіпті. Олар бірден жолаушыларды қауіпсіз аймаққа көшіріп, отты сөндіруге жұмылады. Кешікпей өрт сөндірушілер де келіп жеткен. 


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика