Ауыр айыпқа төзбеген әйел өзіне қол салды

29 мая 2017

Батыс Қазақстан облысына қарасты Бөкей ордасы ауданының Сайхин ауылында қайғылы оқиға орын алды. Жергілікті тұрғын өзіне ұры деген айып тағылғанын көтере алмай, өз-өзіне қол салған.

Қазір аудандық полиция басқармасының қызметкерлері соталды тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Аталмыш оқиғаға  қатысты ҚР ҚК 105 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. 

Кейін анықталғандай, марқұмның артында үш баласы қалыпты. Олардың ең кенжесі бір жарым жастан енді ғана асқан екен. Ал күйеуі жұмыссыз. Қазір аудан басшылығы марқұмның жарына жұмыс тауып беру мәселесін қарастыруда. Өйткені қарт ата-анасын және үш баланы бағып-қағу соның мойынына жүктелген.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика