Ауыл тұрғындары шекарашыларды сабап тастамақ болды (видео)

20 сентября 2017

Атырау облысында ауыл тұрғындары мен шекарашылар арасында дау шықты. Бұл мәліметті Атырау облысының прокуроры Ернат Сыбанқұлов растады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

18 қыркүйекте сағат 18.30-да Жанбай ауылының тұрғындары мен әскери қызметшілер арасында жанжал шыққан.

«Исатай аудандық полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 1-бөлігі бойынша («Бұзақылық») сотқа дейінгі тергеуді бастады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу барысын облыс прокуратурасы бақылауға алды», — деді Ернат Сыбанқұлов.

Сондай-ақ, прокурор қазіргі уақытта ауылда жағдайдың тұрақталғанын айтты. Айтуынша, жергілікті атқарушы органдар түсіндіру жұмыстарын жүргізді. ATPress басылымының мәліметінше, 18 қыркүйекте мерзімді қызметтегі әскери қызметкерлер командирдің орынбасарымен бірге жүгіруден кейін бөлімге қайтып келе жатқан. Олар жолдың шетімен келе жатқан. Бірақ бірде Toyota Land Cruiser жүргізушісі оларды қағып кетпек болған делінеді.

Салдарынан әскери қызметкерлердің бірі жарақат алған. Содан олардың арасында жанжал шығып, офицер әскерилерге бөлімге кетуін бұйырып, тағы екі көлікпен келген жергілікті тұрғындармен мәселені өзі шешпекші болған.

Басылымның мәліметінше, тұрғындар офицерді ұрып-соға жаздаған. Бірақ, абырой болғанда, ер адам шекара бекетіне қарай қашып кеткен. Сол кезде офицер қолына автомат алып, әуеге бірнеше рет ескерту ретінде оқ атқан. Содан біраз уақыттан соң бір топ ауыл тұрғыны әскери бөлімнің қақпасының алдына жиналып алған. Тұрғындар олардан басшылықтағыларды шақыруды талап етіп, әскерилермен әрі қарай дауласпақ болған, — деп жазады ATPress басылымы.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика