Атыраулықтар жеңімпаздар шыршасын 1000 медальмен безендірді

25 декабря 2017

Атырау облысының спортшылары жеңімпаздар шыршасын 2017 жылы алған 1000 медальмен безендірді. Атырау облысы спортшыларының  дəстүрлі балында жаңа жылдық  challenge өтіп,  300-ден астам адам қатысты,-деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

Биіктігі 2 метр жеңімпаздар шыршасын  облыс спортшыларының 2017 жылы жеңіп алған 1000 медалі безендірді. Медальдардың көбі спорттың əр түрінен өткен чемпионаттарда, соның ішінде параолимпиадада да жүлделі орындарға берілген.

Шыршаны жасақтаған атыраулық спортшылар эстафетаны Қазақстанның басқа облыстарындағы спортшыларға табыстады.

— Біздің спортшылар ойлап тапқан жаңа жылдық challenge спортты насихаттауға жəне əріптестеріміздің рухын көтеруге бағытталған,- дейді Атырау облыстық дене шынықтыру жəне спорт басқармасының басшысы Азамат Бекет. -Біз Қазақстанның барлық спортшылары бастамамызды қолдап, биыл қол жеткізген жетістіктерін көрсетеді деген сенімдеміз.

Спортшылар балында «Үздік спорт федерациясы», «Үздік спортшы», «Үздік топ», «Үздік спорт жобасы» секілді 15 аталым бойынша жүлдегерлер марапатталды.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика