Атырауда төрт бала мұз астына түсіп кетті

23 марта 2018

Атырау облысына қарасты Құрманғазы ауданындағы Шора өзеніне төрт бала (үш ұл және бір қыз) батып кетті. Абырой болғанда құтқарушыларға дер кезінде хабар беріліп, балалар аман қалды, — деп хабарлайды qasym.kz

Оқыс оқиға балалардың ойынынан болған. Олар өзеннің келесі бетіне өтіп, мұз үстінде секіріп ойнаған. Осы кезде мұз жарылып, біреуі суға түсіп кетеді. Артынша өзгелері де суға құлаған. Абырой болғанда куәгерлер дер кезінде құтқарушыларға хабар беріп, олар құтқарылды. Балалар қатты қорқып қалған, алайда олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Болға жайды ескерген құтқарушылар ата-аналарға барынша сақ болуды ескертті. Әсіресе көктемгі тасқын уақытында ойын баласының әр қадамын бақылап отыру керектігін айтылды.  


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика