Атырауда енді күдіктілерді тергеу айқын кабинеттерде жүргізіледі

19 сентября 2017

Бас прокуратурамен «Қылмыстық процесті оңтайландыру» жобасы жүзеге асырылуда. Басты мақсат баршаға белгілі қылмыстық өндірістің қазіргі қалыптасқан жүйесін тәжірибе барысында біртіндеп өзгерту.  Бұл туралы Атырау облысының прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.  

Атырау облысының прокуроры Ернат Сыбанкулов жаңа бағыттың осы және өзгеде ерекшеліктері жөнінде айттып берді.

«Бірінші кезекте, қудалау органдарының қылмыстық істерді созбалаңға салуы азаматтар арасында ерекше наразылық тудырады.
Өздеріңіз білетіндей ең қарапайым, анық деген қылмыстық істердің өзі айлар бойы тергелетін және бұл қылмыстық процестік заңнамамен шектелмегенді.
Құқық қорғау органдарының өз міндеттеріне адал қарамайтын кейбір қызметкерлері осы жағдайды пайдаланып, құжаттарды айлар бойы қолында ұстап, азаматтарды жауап алуға және өзге де тергеу амалдарына үздіксіз шақырып оларға ыңғайсыздық тудыратын.
Сонымен бірге, бұл сыбайластыққа жол ашып, шешім қабылдауды жылдамдату үшін азаматтарды өзге қылмыс жасауға – яғни, пара беруге итермелейтін.
Ал екінші жағынан, бұл тергеудің рұқсат етілмеген тәсілдерін қолдану арқылы «қажетті» жауаптарды алуға жағдай жасайтын.
Біз бұлармен қалай күресе бастадық? Бас прокуратураның бастамасымен қылмыстық қудалау жүйесін түбегейлі өзгертуге бағытталған тұтас бір, теңдесіз жоба жасақталып, оны ІІМ-мен бірлесіп орындауға бекіндік.
Аталған жобаны жүзеге асыру аясында Атырауда анық қылмыстық істер бойынша шешім қабылдау мерзімі 3 тен 10 тәулікке дейін қысқартылды.
Келісерсіздер, бұрын бұл үрдіске кемінде бір ай, кейде тіпті одан да көп уақыт кететін еді. Қазір бұл процедура 10 тәулікке дейін.
Бұл өзгеріс жағдайдың дұрыс бағытқа бет бұруына себеп болып, азаматтардың полиция табылдырығын «тоздыруына» тоқтам салды.
Шешімдер ең қысқа мерзімде қабылдануда. Бұл жағдай өз кезегінде азаматтарға тиімді, ал полиция үнемдеген уақытын аталғандардан да қиындау қылмыстарды ашуға жұмсамақ.
Атырау қаласындағы, аудандардағы полиция бөлімдері жауап алуға арналған ашық қабырғалармен, дауыс және бейне жазбаны жүргізетін құрылғылармен жабдықталған кабинеттермен қамтамасыз етілді.
Жалпы алғанда бұндай кабинет саны 18.
Енді жауап алу және өзгеде тергеу амалдары осындай айқын кабинеттерде жүргізіледі. Аталған өзгеріс азаматтарға тергеудің рұқсат етілмеген тәсілдерін қолдануға шектеу болады.

Полицияның барлық әрекеті айқын кабинетте жазылып, осы жағдай оларды сөзсіз тәртіпке шақырады.
Сонымен бірге, полиция қызметкерлері әрекетінің заңдылығына кез келген уақытта баға беруді қамтамасыз ету үшін біз әр полиция бөлімінде прокурордың азаматтарға әрдайым қол жетімді болуына қамтамасыз еттік.
Мысалға алатын болсақ, азамат өзін немесе туысқанын полицияға заңсыз жеткізілген деп санаса, ол адам полиция ішінде прокурормен кездесуді талап ете алады. Ал прокурор сол жерге шығып жағдайдың мән-жайын білуге міндетті.
Азаматқа прокурорды іздеуге, прокуратураға барып арыз жазуға және с.с. әрекеттерге барудың қажеттілігі жоқ. Полиция әрекетінің заңдылығына қатысты мәселені азамат сол жерден білу мүмкіндігіне ие
Осылайша барлық қылмыстық процесс азаматтарға ыңғайлы, олардың құқықтарын қорғауға бағыт ала бастатады. Ал біз осыған қатаң бақылау жасаймыз.
Әрине, бұл жүйе қолданысқа енді енгізілуде, кемшіл тұстары да болуы ықтимал. Осы орайда азаматтар қылмыстық процесті жетілдіруге бағытталған өзіндік ұсыныстарымен бізге жүгіне алатындығын айтып өткім келеді» — деп облыс прокуоры сөзін қорытындылады.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика