Аты шулы «91» тобының продюсері «Қазақстан» арнасында шоу жүргізбек

26 февраля 2018

«91» тобының продюсері Ерболат Беделхан «Qazaqstan» ұлттық телеарнасында жаңа реалити-шоу жасамақ. Бұл туралы stan.kz хабарлады.

Бұл туралы «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Қарин «Қазмедиада» өткен баспасөз мәслихатында айтты.

«Біздің жас аудиторияға дайындап отырған арнайы сыйымыз бар. Өздеріңіз білетіндей, соңғы жылдары елімізде қазіргі заманғы қазақ музыкасының түрлі бағыттары кең дамуда. Соның бірі – q-pop бағыты. Осы бағыт бойынша біз арнайы дайындаған жобамыз бар», – деді Қарин.

«Ерболат Беделханның жетекшілігімен қыздар арасындағы q-pop бағыты бойынша орындаушыларды іріктеуге бағытталған реалити-шоу эфирге енетін болады», – деді ол. Жастарға арналған жаңа реалити-шоу «Q-pop Idols» деп аталмақ.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика