Атасы ұйқысын бұзған үш жастағы немересін пышақтап өлтірген

5 октября 2017

Қарағанды облысында өзінің үш жасар немересін өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткен ер адам іздестірілуде, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшілеріне аймақтық ІІД баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров. 

Қылмыс

Қайғылы оқиға Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ағадыр ауылында болған. Облыстық прокуратураның хабарлауынша, ер адам өзінің үш жасар немересін ұйқы бермегені үшін өлтіріп, қылмыс жасаған жерден қашып кеткен. 

ҚР ҚК 99-бабы (кісі өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

«Қазіргі уақытта күдіктіні іздеу және оны қолға түсіру шаралары жүзеге асырылып жатыр», — деп хабарлады Құдияров. 

Тергеу облыстық прокуратураның тікелей бақылауымен жүзеге асырылып жатыр. 

 

Read more: https://sputniknews.kz/incidents/20171005/3419094.html


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика