Атақты футболшы Неймар неге жылады? (Видео)

11 Қараша 2017

Бразилия құрамасының шабуылшысы Неймар журналистермен кездесу кезінде көзіне жас алды, деп хабарлайды lenta.ru. Видео Canal Football Club-тың фейсбуктегі аккаунтында жарияланды. 

Баспасөз мәслихаты Жапония командасымен өткен жолдастық мачтан кейін ұйымдастырылды.

Бразилиялықтардың бас бапкері Тите Неймармен болған жанжал туралы қауесетті жоққа шығарып, оны жүрегі кең адам деп атады. Осы кезде Неймардың көңілі босап, көзіне жас алды, кейін ол залдан шығып кетті.

Бразилия құрамасы Жапония командасын 3:1 есебімен жеңді. Неймар он бір метрлік қашықтықтан гол соқты.

Дереккөзsputniknews.kz


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - © 2017 ҚР Ақпарат және коммуникация министрілігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика