Атақты әзілкеш екінші әйелі Ақботаны да баласымен бірге тастап кетті

14 сентября 2017

Атышулы әзілкеш Дәурен Айдарқұлов өзінің екінші әйеліі  Ақботаны да баласымен бірге тастап кетті. Бұл туралы әнші өзінің  әлеуметтік желідегі парақшасында жазды

«Қайырлы күн, құрметті достар. Бүгін мен бойымда күш-қуат артқанын, арқамда қанатымның қайырылғанын сезінсем де барлығына дайын екенімді сезіндім. Жоғарыдан келген сынақтарға мен сабақ бола білген тағдырыма алғысым шексіз. Сыртымнан балағат сөздер айтып, әртүрлі пікірлеріңізбен менің жеке өміріме қол сұққандарға рахмет. Дәл сіздердің арқаларыңызда иммунитетім шыңдалып, өмір сүруге және өмірге қуануға күш бердіңіздер. Бүгін бар шынымды айтып, бұл оқиғаның нүктесін қоямын.

Бұрынғы күйеуіммен арамызда не болып жатқаны сіздерге қызық болар?! Мен ол адамға ренжімей өз еркіне жіберу керек деп есептедім. Сіздер арамызда не болғанын білмейсіздер, оның бірінші отбасынан, екінші отбасынан кетіп қалғанын білмейсіздер. Енді үшінші отбасынан кетіп барады. Сіздер ол адамды мүлдем танымайсыздар. Ол не істесе де ар-ұяты білсін. Тіпті, сырттай жүретін 10 әйелі болса да бақытты болсын. Ендігі мені уайымдататын және ойландыратын ол менің ұлым. Аллаға періштем үшін алғыс білдіремін, мен ол үшін бәріне дайынмын. Мені жалғыз қалды деп ойлаудың да, аяудың да қажеті жоқ. Жанымда сүйікті інім мен жақындарым бар…», — деді Ақбота Сейітмағамбет «Инстаграм» желісіндегі парақшасында.

Дереккөз: Вaq.kz 


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика