Астаналық қызды күйеуі досымен бірге жабылып зорлап, видеоға түсірген

20 октября 2017

«NewTimes.kz» агенттігінің редакциясына әділдік іздеп келген жиырма жастағы Саина есімді бойжеткен өз басынан өткерген сұмдық жайтты жайып салды. Оны төрт ай бұрын екі жігіт жабылып зорлаған. Азғындардың құрығынан құтылмақ болған қыз үшінші қабаттан секіріп кетуге мәжбүр болыпты. Осының салдарынан денсаулығына ауыр зардап келген. Ал қылмыскерлер болса күні бүгінге дейін азаттықта сайран салып жүр екен.  

Саинаның айтуынша, ол бір жігітпен жылға тарта таныс болып, тіпті азаматтық некеде де тұрған екен. Кейін араларында түсініспеушіліктер болып айырылсып кеткен. Алайда ара тұра хабарласып тұрады екен. Бірде әлгі жігіт оны өз үйіне алдып шақырып алады. Табалдырықтан аттаған бетте есікті тарс жауып, оған қоқан лоққы жасай бастаған. Артынша үйге жігіттің досы да келіп кіреді. Екеуі қызды жабылып зорлап, әрекеттерін видеоға түсіріп алған.  Қос жігіттің қорлығына шыдамаған қыз бір қаға беріс сәтте терезен секіріп кетеді. Жерге оңбай құлап, ұзақ уақыт ем қабылдауға мәжбүр болған.

Ем қабылдау барысында ол айыптылардың үстінен арыз береді. Бірақ тергеушілер істі созбаққа салып, сұйылтып жіберіпті. Күдіктілер болса бостандықта сайран салып жүр. Тіпті олар өз кінәларын жоққа шығарып, бәрі қыздың келісімімен болғанын айтып отыр.  

Бұл ақпаратты Астана қаласының ІІД өкілдері де растаған. Қазір аталмыш факт бойынша ҚР ҚК   201 бабымен іс қозғалыпты. Бірақ тергеу құпиясына байланысты, толыққанды ақпарат берілмей отыр. 


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика