Астана тұрғыны мешіттен 12 құран кітабын ұрлады

14 Қыркүйек 2018

Астана тұрғыны қаланың бірнеше мешітінде ұрлық жасаған деп хабарлайды Елорда Инфо.Астана тұрғыны «Нұр Астана» мешітінен 70 мың теңге тұратын 12 «Құран Кәрім» кітабын ұрлап кетті.

«Сол күні ер адам «Әл-Ғани» мешітінде ұялы телефон ұрлығын жасады. Бірнеше күннен соң кезекті ұрлығын жасау кезінде «Әл-Ғани» мешітінің оқушылары ұстады», – деді Есіл аудандық сотында.

Сот процесі кезінде жәбірленуші сотталушымен мәмілесу туралы келісімге келді. Тараптардың мәмілесуі негізінде қылмыстық іс тоқтатылды.

Дереккөз: ҚазАқпарат


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика