«Астана» өңірлік қолбасшылығының құрылғанына 15 жыл

29 августа 2017

«Астана» Өңірлік қосбасшылығы 15 жылдық мерейтойын атап өтті. Осы мерейтойдың құрметіне Қарағанды қаласындағы «Астана» ӨҚ-ның бас  штабында Мемориалдық тақта орнатылды. Сонымен қатар  Станиславский атындағы орыс драма театрында салтанатты шара мен мерекелік концерт өтті, — деп хабарлайды Qasym.kz тілшісі.

Салтанатты шараға өңірдегі офицерлер, жауынгерлер және қала тұрғындары қатысты. Жауынгерлерді мерейтойымен құттықтаған Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов «Астана» Өңірлік Қосбасшылығының 15 жылдық мерейтойы ҚР Қарулы күштерінің  25 жылдығымен тұспа – тұс келіп отырғанын атап өтті.

— Құрметті офицерлер мен жауынгерлер сіздерді барша облыс тұрғындарының атынан «Астана» өңірлік қолбасшылығының 15 жылдығымен құттықтаймын. Баршамызға мәлім, биыл ҚР Қарулы күштері өзінің 25 жылдығын атап өтті, «Астана» өңірлік қолбасшылығының 15 жылдығы осымен мерейтоймен сай келіп тұр. Бұл уақыт аралығында біздің әскер көптеген жетістіктерге жетті. Елдің қорғаныс қабілетін нығайту мақсатында Жоғарғы Бас қолбасшы Қарулы күштердің оңтайлы құрылымын бекітті, соның арқасында Қазақстан әскері дамуда. Сіздер заманға сай жаңа жауынгерлерді даярлап жатырсыздар, меніңше біздің әскер Отанымызды абыроймен қорғай алады,-деді Ерлан Қошанов.

Мерекелік шара барысында «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы, генерал-майор Қайдар Қарақұлов ең үздік қызметкерлерге алғыс хаттар мен төс белгілерді табыстады. 

«Астана» өңірлік қолбасшылығының сарбаздары өздеріне қойылған міндеттемелерді мүлтіксіз атқарып келеді. Олар әскери дайындықтан өтіп, шеберліктерін шыңдағанын бұған дейін де бірнеше мәрте байрақты бәскелерде көрсете біллген болатын.     «Спасск» оқу-жаттығу орталығында  жергілікті жауынгерлер АҚШ, Беларусь және Қытай елдерімен иық тіресе сайыстарға қатысты. Жақында, Минскіде өткен әскерилер арасындағы тартыста екінші орынды иеленді.

Айта кетейік, Орталық әскери округтың тарихы 2001 жылдың 26 ішлдесінен басталады. Сол жылы  «ҚР Қарулы күштерінің құрылымы туралы» Үкімет қаулысы жарияланды.  Округтың алғашқы қолбасшысы болып генерал-майор Владимир Шацков тағайындалды.

 ҚР Қарулы күштерінің құрылуына 10 жыл толғанда Жоғарғы Бас қолбасшы Нұрсұлтан Назарбаев 2002 жылдың 24 тамызында Владимир Шацковқа Орталық әскер округ әскери белгісін табыстады.

2003 жылдың 6 тамызында округ «Астана» аймақтық әскери қолбасшылығы басқармасына айналды.

 Бүгінгі таңда «Астана» ӨҚ-ның құрамына төрт облыс бар, Ақмола, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік-Қазақстан облыстары әкімшілік шекараларында орналасқан.

Өңірлік қолбасшылық құрамына орталық бағыныштағы және Әуе қорғаныс күштерінің бөлімдерінен басқа шекаралық шектегі әскери бөлімдер кіреді.

«Қасым-ақпарат»


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика