Әскери қызметкер әріптесін атып тастады

31 марта 2018

Әскери қызметкер Талдықорғандағы әскери комиссариат ғимаратында әріптесін атып тастады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанның Қорғаныс Министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«31 наурызда Алматы облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментте оқиға болып, әскери қызметкер әріптесіне оқ атты. Қазіргі таңда бұл дерекке қатысты құзырлы органдар тергеу жүргізіп жатыр», — деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер. 

Бұған дейін Талдықорғанда әскери комиссариат ғимаратының қоршауға алынғаны хабарланған еді. 


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика