Ашынған тұрғындар бас прокуратураға басып кірді

21 сентября 2017

Астанада шыдамның шегіне жетіп, әбден ашынған үлескерлер енді ештеңеден тайынбайтын сияқты. Бүгін соңғы үмітпен митингке шыққан үлескерлер, Бас прокурор отыратын, қатаң күзеттегі ғимаратты басып кірді. Күйінген жұрт тек Жақып Асановпен кездесуді талап етіп, өзге шенділерге сенбейміз деп шулады. Бұл туралы  31.kz хабарлады.

Әр аймақтан жиналған 40 шақты салымшы аяқсыз қалған баспананы салып бітіруі тиіс «Орда Инжиниринг» компаниясының активтерін бақылауда ұстауды талап етіп отыр. Өйткені, үлескерлердің ақшасын жеп, үйсіз қалдырған «Азбука жильяның» топ менеджерлері сотталып кеткен.  Ал жұртқа жайлы баспана уәде етіп, 4 мыңнан астам салымшының 40 миллиард теңгесін қалтаға басқан экс-депутат Ерғанат Тайжанов Автстрияда үйқамақта отыр. Құзырлы органның миллиардтарды қалтаға басқан кәсіпкерді қайтаруға қауқары жетпеген сияқты. Сан соққан салымшыларға бүгін Жақып Асанов төбе көрсетпеді. Шулаған халыққа шыққан орынбасары жұртты сабырға шақырып, бұл мәселені шешу үшін Астана әкімі Әсет Исекешовпен кездесу ұйымдастыруға уәде берді.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика