Ашулы піл 15 адамды таптап өлтірген

13 августа 2017

Үндістанда билік орындарының өтініші бойынша аңшы екі штатта 15 адамды таптап өлтірген пілді атып тастады.

Жануар 20-25 жаста болған. Піл наурыздан бастап Джаркханд штатында 11 адамды өлтірген және бірнеше үйді қиратқан. Алдын ала болжамға қарағанда, бұдан бұрын Бихар штатында төрт жергілікті тұрғынның өмірін қиған.  

Қауіпті жануардың көзін жою аңшы Шафат Али Кханға жүктелген.

Оның айтуынша, алдымен транквилизатормен ұйықтатып тастамақ болған, бірақ дәрі әсер етпеген көрінеді. Амал жоқ атуға тура келген. Өлгеннен соң пілдің азуын алып, жергілікті дәстүр бойынша тұз сеуіп және гүл қойып орманға жерлеу шешімі қабылданған.

Кхан үкіметтің осы тәріздес тапсырыстарын жиі орындайды. Бұл -жетінші піл. Өткен жылы ол елдің басқа өңірлерінде  адамдардың өміріне қауіп төндірген бес жолбарысты, сегіз барыс өлтірген.

Үндістанда жабайы аңдардың шабуылы салдарынан күн сайын кем дегенде бір адам ажал құшады, деп хабарлайды Associated Press.

Дереккөз: inform.kz 

 


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика