Аш аю өзін ызаландырған жігітке тап берді

4 августа 2017

Тайландтың 36 жастағы Найфум Проматрее атты тұрғыны Пхетчабун аймағындағы ғибадатханаға достарымен барған. Ол жерде ер адам қамауда тұрған аюды тамақ көрсетіп ызаландырған, — деп жазады Life.ru.

Аш аю ер адамды өз қоршауына құлатып алып, оны талай бастайды. Өзге адамдар аюды темірмен түрпектеп, араша түспек болады. Осыдан кейін аю ер адамды  темір апанына сүйреп әкетеді. 

Дегенмен оқиғаға куә адамдар жігітті  аюдан арашалап алған. Қазір Найфум Проматрее есін жинап, сөйлей бастаған. 

Бұл оқиғаға дейін бір күн бұрын ғибадатхананың дін қызметкерлері халыққа садақа беру туралы өтініш айтқан. Олар ғибадатхана аумағындағы жануарларға азық жетпей жатқанын түсіндірді. Осыған қарағанда зардап шеккен ер адам аюдың аш екенін біле тұра әдейі ызаландырған деуге болады. 

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика