Асанәлі Әшімов экрандығы арсыздықты тоқтатуды сұрады

1 апреля 2017

Қазақ киносының ақсақалы Асанәлі Әшімов соңғы кезде отбасымен бірге отырып отандық киноны көруден қалыпты. Өйткені, төсекте алысқан ер мен әйелдің жыныстық қатынасы ашық насихатталатын болған. Әйгілі актер бұл арсыздықты тоқтату үшін сенаторлардан араша сұрап отыр. Сондықтан Әшімов мұндай арсыздықты экраннан көрсетуге заңмен тыйым салу керек дейді. Бұл туралы «КТК» арнасы хабарлады.

«Қызды айналдыру – өнер, төсекке жату – өмір!» Режиссерлар соның ортасын көрсетеді. Ағайындарыңмен көріп отырып ыңғайсыз жағдайға қаласың. Осыны заңмен тыйсақ жақсы болар еді», — дейді Асанәлі Әшімов.

Ал Мәдениет министрі болса «Феникс» пен «Қызғылт қоян» фильмдерге бөлінген қаражаттың рәсуа болғанына қынжылыс білдірді.

«Қасым-ақпарат»


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика