«АрселорМиттал Теміртау» өкілі: «Шулай беретін болсақ комбинат та, жұмыс та болмайды бұл жерде»

25 января 2018

Қаңтардың басынан бері қаланың қара түске айналған қарынан сынамалар алған комиссия оның құрамында металл қалдықтарының көбін анықтаған. Бұл қалдықтар комбинаттан ғана шағытынын ескерсек, таяқтың басы алпауыт компания өкілдеріне тиді. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

Владимир Матонин, Кәсіби экологтар қауымдастығының өкілі:  

лынған сынамалардың құрамында темір өте көп. Темір тек метеллургия өндірісінен ғана шығады.  

Компания өкілдері қаңтардың басында қалаға қара күйенің түсуін желсіз ауа райының болғанымен байланыстырады. Әйтпесе, соңғы жылдары ауа құрамына зиянды қалдықтарды шығармайтын құрылғыларды орнатқан екен. Бұл үшін жүздеген миллион теңгені тәрк етіп жатқандарын айтып тулады.

Вадим Басин,   «АрселорМиттал Теміртау» АҚ атқарушы директоры:

— Мәселен Чехияда комбинатта жылына 4 миллион тонна болат өндіретінбіз. Біз бұл жоспарды 2 миллион тонаға дейін азайттық. Салдарынан жұмысшылардың саны да 5 есеге азайды да, ақыры өндіріс тоқтады.  Егер осылай шулай беретін болсақ, экономикалық тілмен айтқанда біздегі комбинаттың жұмысы тоқтайды. Комбинат та, жұмыс та болмайды бұл жерде.

Айтуларынша, экономикаға ауқымды үлес қосып отырған өндіріс орны жұмысына кедергілер көп болса, комбинат тиімділігінен айырылады екен. Онда оны ұстаудың пайдасы шамалы дейді. Ал өндірісте 10 мыңнан аса адам нәпақа тауып отыр. Ұзақ айтыс-тартыстан кейін, биліктегілер қаладағы ауа құрамын метеорологтар үнемі зерттеп тұратынын айтты.

Ғани Сәдібеков, ҚР энергетика вице-министрі: 

— Енді өндіріс орындары атмосфераға зиянды қалдықтарды белгіленген мөлшерден асыра шығарып жатса, олар өндіріс қарқынын бәсеңдетулері керек. Біз мұны қатаң қадағалауда ұстаймыз. Талапты орындамағандарға айыппұл салынады.     

-Алпауыт компания былтырғы жылы ауаны ластағыны үшін 600 миллион теңге айыппұл арқалаған. Ал қара қарға байлынсыты қаңтарда басталған тексерістердің қортындысы енді шығады. Ол бойныша тағы айыпұл салумен қатар, экологияны жақсарту бағытына да қаражат жұмсауға міндеттейміз дейді шенділер. Оның қаншалықты орындаларын уақыт көрсетеді.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика