Арқалықта жас жұбайлар өз-өздеріне қол салды

8 мая 2017

Арқалық қаласында қайғылы оқиға орын алды. Үйленгендеріне көп бола қоймаған жас жұбайлар өз-өздеріне қол салып, жарық жалғанмен қош айтысты. Олардың мәйіттерін гаражда асылып тұрған жерінен туыстары көріп, түсіріп алған, — деп хабарлайды Qasym.kz.

Мұстафа мен  Индираның шаңырақ көтергендеріне небәрі төрт айдың ғана жүзі болған. Олар Мұстафаның анасымен бірге тұрыпты. Жас жұбайлар жергілікті колледжде «Дене мәдениеті» мамандығы бойынша білім алып жатқан. Екеуі де үшінші курс студенттері. Колледж басшыларының айтуынша, бұл студенттердің дәл осындай қадамға баруын ешкім күтпеген. Екеуі де өте белсенді, ашық-жарқын жандар болыпты. Сантүрлі жарыстардан жарқырай көрініп, жүлделі орындарды иеленіп жүрген. Қайғылы оқиға орын алатын күні Идираның інісі әскерден келуі керек болған. Екеуі соны күтіп алудың қамымен жүріпті. Бірақ аяқ асты осындай қайғылы жағдай орын алған. Оларды бұл әрекетке не итермелегені түсініксіз қалып отыр.

Қазір аталмыш жайт бойынша соталды тергеу амалдары басталып, сараптама тағайындалған.

«Қасым-ақпарат»


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика