Әріптесін ұрып өлтірген шенеунікке үкім шықты

12 апреля 2017

Орал қаласында бастығын өлтірген шенеунік ісінің соңғы нүктесі қойылды. Айыпты болған Ауыл шаруашылығы министрлігінің аумақтық инспекторы енді алдағы 10 жылын темір тордың ар жағында өткізеді. Бұдан бөлек марқұмның отбасына қомақты соммада өтемақы төлейді, — деп хабарлайды Qasym.kz тілшісі.

Шенеунік

Ауыл шаруашылығы министрлігінің аумақтық инспекторы мен  бөлім басшысы арақ ішіп отырып сөзге келіп қалады. Артынша шенеунік басшысын таяққа жығып, өлтіріп қойған. Туыстары Файзулла Төлегеновтің мәйітін әріптестінің үйінен тауып алады. Артынша тексеріс басталған. Бірақ көп ұзамай бұл іс  «басшының өзі өлдімен» жабылған. Сот сараптамасындағылар шенеуніктің таяқтан емес жүрек талмасынан қайтыс болғанын айтады. Бұған наразылық танытқан  марқұмның туыстары мәйітке эксгумация жасатып, оның кісі қолынан қаза тапқанын дәлелдеген.

Сот барысында Тілке Химедденов өз кінәсін мойындаған жоқ. Екеуара болған кикілжің де жұмбақ күйінде қалып отыр. Істі қайта қараған сот төрағасы айыпталушыны кінәлі деп тауып,  10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Бұған қоса марқұмның отбасына екі миллион теңге өтемақы төлеуге  міндетті.

«Қасым-ақпарат»


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика