Ардагерлер қоғамға қауіпті ме?

22 мая 2018

Соғыс. Жараланған жан. Жансыз дене.  Атылған оқ. Жарылған снаряд. Бір жақ үстемдік танытса, келесісі әлсірей береді. Жауынгері азайып, солдаттар секемдене бастаған жақ та, жеңіс күнін белгілеп үлгерген жақ та баса назарды жауынгердің псиxологиясына аударады. Ия, рас кейбір ерлік істер(көбіне ақырғы істер) әбден ашынғандықтың, ақылынан адаса бастағандықтың кепілі. Ал пульеметті төспен жабу, жау легіне қарсы жалғыз жүгіру, танкінің астына түсіп өзімен бірге жарып жіберу сынды ерліктер жайлы нені айтамыз, нені жабулы қазан жабулы күйінде қалдырамыз?
Елестетіп көріңізші дарылдап жатқан пульемет, кеудеңмен жаппақ түгелі манайына жолау мүмкін бе? Бір адамның кеудесіне бола қақалып, «ойланып» қалар болса оның несі қару? Жалпы кеудемен пульемет жабу ақылға қонымсыз дүние. Сонда бұл өтірік сөз бе? Ынжырғасы түскен қауымның қайсарлығын ояту үшін әдейі таратқан әңгіме ме? Қолдан жасалған ерлік, қолдан құйылған тариx па?
Айту оңай, ал соғыстың бел ортасында білек сыбана парызын өтеп жүргендердің өзара дау-дамайы жайлы не білеміз? Маза бермейтін, әлімжеттік жасайтын адамдарды өзінің жақтастары ататыны қаншалықты рас?
Ақиқаты не?
Жантүршігерлік оқиғалардың куәсі болғандар қоғамға қауіпті ме? Ия,ия сіз бен біз «Ардагер»-деп атаған азаматтардың жүйке жүйесі бит қабыршығындай қыршылғаны xақ. Сонда кеше бізді біреуден қорғаған майдаңгерлер бүгін сол қоғамға қауіп төндіре алуы мүмкін бе?

Көп сұрақ, жоқ жауап…


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика