Ардагер деп ардақтап жүргендері сатқын болып шықты (видео)

22 мая 2017

Ресейдің Қалмақ Автономиясында тұратын Богла Убушиев есімді ақсақалдың жасы тоқсаннан асып кеткен. Оны ауылдастары мен көршілері соғыс ардагері деп ардақ тұтып, барынша сый-құрмет ұсынып келген. Жоғарлатылған зейнетақы, баспана берген. Алайда архив қызметкерлері кездейсоқ жағдайда оның шын мәнісінде кім екендігін анықтады. Бұл оқиға 2014 жылы болған, — деп хабарлайды Qasym.kz

Богла Убушиев 1942 жылы жау қолына тұтқынға түсіп қалады. Артынша қалмақтардан құралған СС әскери жасағына мүшелікке қабылданған. Ол бірнеше рет әлгі әскердің құрамында бейбіт халыққа қарсы жазалау шарасына қатысып, көзге түскен. Сол қылмысы үшін соғыстан кейін жазасын да алады. Сталиндік лагерде 14 жылын өткізіп, еліне қайтады. Кейін бірнеше мәрте арызданып, ақталғысы келген. Алайда Ресей билігі оның  әрекетін одақ тараған тұста да кешірмепті. Сондықтан ақсақал басқа жолды таңдайды. Таныстары арқылы ардагер куәлігін жасатып алады, кеудесіне бірнеше орден-медалді қадайды. Болды. Ол енді ардагер. Ауылдастары оны жыл сайын құттықтап, сыйлықтар ұсынып келген. Ал қылмысы ашылғанда бәрі одан теріс айналды. Ал Богла Убушиевтің өзі болса неміс әскерінде не істегенін «ұмытып» қалыпты. 


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика