Анасын сағынған жетім қыз: «Мама, жүрек бар ғой сізде» (видео)

2 апреля 2017

«Терезенің алдында отырып, сені күтемін. Ана сені сағындым» деген Гүлназ есімді жетім қыздың монологы көптің көңіліне ауыр мұң ұялатты. Иә, қатігез қоғамда құлақ естіп, көз көрмеген сұмдықтардың куәсі болып жүрміз. Туған анасы тар құрсағын кеңейткен перзетін дәретханаға, қоқысқа, аулаға тастап кеткен жайлар соңғы уақытта жиілеп кетті. Бұл қыздың да тағдыры осыған ұқсас. Анасы оны жетімдер үйінің алдына әкеп тастаған екен. Содан бері хабарсыз…

Гүлназ тастап кеткен анасына еш ренжімейді. Оның бұл қадамға өмірдің қиындықтарының кесірінен барғанын сезетіндігін жеткізіп отыр. Сондықтан да кездесіп, табыссам, сағынышымды бассам дейді.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде кең таралған видеоны «жасанды», жетім қызды «актриса» деушілер де табылды. Солай да шығар. Алайда бұл маңызды ма? Қоғамда мәселе бар, ал осындай жантебірентерлік видеолар бір адамға болса да ой салар, теріс жолдан тияр деп сенеміз. Сондықтан да оқырмандар назарына ұсынып отырмыз…

«Қасым-ақпарат»


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика