Анасын атып өлтірген қыздың жантүршігерлік хаты табылды

16 Шілде 2017

Мектеп оқушысы анасының жұмыстан келуін күтіп тұрып, оны үйге кіре берген кезде атып өлтірген. Артынша әлеуметтік желіде анасына деген шексіз махаббаты жайлы хат қалдырған, – деп хабарлады dni.ru

Қайғылы оқиға АҚШ-тың  Иллинойс штатында орын алған. 15 жастағы  Анна Шредер өзінің туған анасын атып өлтіріп, артынша мәйітті құрбысы  Рейчел Хелммен бірге жасырып қояды.  Қыздар қылмысты жасыру мақсатында түні бойы үйдегі қан іздерін жуып, артынша үйді өртеп жіберген.  Осыдан соң қылмыскер қыз «Фейсбук» желісінде анасына арнап хат жазыпты.

«Сен мені жоғарыдан бақылап тұрсың ба, білмеймін. Бірақ бір нәрсені анық айта аламын – сен менің ең жақын досым болдың. Мен саған  жақсы перзент бола алмадым, бұған қатты өкінемін. Мен сені өте қатты жақсы көремін. Соны білсеңіз екен, ана», – деп жазды оқушы қыз анасын өлтірген соң. 

Бұл сұмдық жайды полицияға Аннаның құрбысы Рейчел айтып берген. Қылмыскер қыз құрықталды.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика