Алып қашудың құрбаны болған қыз тірі болса грантқа түсер еді

11 августа 2017

Алматыда алып қашудың құрбаны болған Тілеугүл Қуанышқызы 2017-2018 жылғы оқу грантының иегері атанған. Мектеп бітірген жылы қалаған мамандығына түсе алмай, ақылы бөлімде оқуға мәжбүр болған бойжеткен ата-анасына салмақ салмау үшін ағымдағы жылы қайта сынақ тапсырып, бақ сынаған екен. Арманы орындалды. Алайда оны өзі көре алмай кетті.

«Аяулы, ерке қызымызды жауыздар арманына жеткізбей аяусыз өлтірмегенде бүгін «Грантқа түстім» деп қуаныштан анасының мойынына асылып, бақыттан басы айналып отырар еді… Әттең… «, — деп жазды марқұмның туысы Жұлдыз Бұзауқызы.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика