Алтыншы баласына жүкті әйел күйеуін пышақтап тастады

25 декабря 2017

ШҚО тұратын көп балалы әйел күйеуіне ауыр жарақат салды деп айыпталуда. Құрсағында алтыншы перзентін көтеріп жүрген әйел отбасылық ұрыс кезінде күйеуін пышақтап тастаған. 

Даудың басы ер адамның түн жарымында үйіне мас болып келіп, айқай шығаруынан басталған. Ол ішімдікке ақша іздеп, әйеліне қол көтермек болады. Құрсақтағы сәбиінің амандығын ойлаған әйел қорғану мақсатында оны пышақпен жасқамақ болған. Бірақ соққысы дөп тиіп, күйеуі ауыр жағдайда емханаға жеткізілген.

Ауруханада жатқан ер адам алты баласына ана болған әйелдің үстінен сотқа шағым жазып, оны жазаға тартуды көздеп отыр. Өз кезегінде аудандық сот әйелді айыпты деп танып, үш жылға бас бостандығын шектеу туралы қаулы шығарды. Сонымен қатар ол күйеуінің емі үшін 268 мың теңге көлемінде өтемақы төлеуге міндеттелді.  


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика