Жетімдер үйінің түлектері Стамбулда күй шертті (видео)

3 апреля 2017

Алматы қаласындағы балалар үйінің түлектері Стамбулдағы Сұлтанахмет (көк мешіт) мешітінің алаңында қазақ күйін орындады. Бұл туралы Алматыдағы балалар шығармашылық орталығының директоры Айбек Есимов хабарлаған.


Балалар Түрік жеріне фестивальге қатысу мақсатында барады және жолда Стамбул қаласында екі күнге аялдайды. Көне шаһардың тарихына, мәдениетіне, сәулет өнеріне қатты қызыққан әрі шабыл алған балалар мешіт алаңында ашық репитиция өткізу туралы шешімге келген. Олар күннің жауын-шашынды болғанына қарамастан ашық аспан астында қос шекті домбырадын төгілдіре күй шертті.

«Біз қазақ күйін барлық жерде орындадық. Әуежайда, қонақ үйде, саяжайта, дәмханада. Біз осылайша фестивальге дайындалдық әрі шетелдіктерге қазақ музыкасын таныстырдық», — дейді Айбек Есимов.

«Қасым-ақпарат»


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика