Алматылық кәсіпкер Қайрат Құдайберген өкінетінін айтты

10 Мамыр 2017

Алматылық кәсіпкер Қайрат Құдайберген өзінің   Facebook парақшасында тасқын судан зардап шеккен отбасыға қатысты даудың туындағанын байланысты өкініш білдірді. Оның айтуынша, кәсіпкерлер Махаббатқа үй әпермес бұрын олардың отбасылық жағдайымен толық танысып, көмекке мұқтаж екендігіне көз жеткізген.

«Мен Махаббат Ешімованың үйі су астында қалған жоқ және оның отбасы тасқынның зардабын тартпады деген көршілерінің сөзінен көңілім қалды. Бір әйел Махаббат оның үйін пайдаланып, сол арқылы баспана алғанын жеткізді. Бұл фото суреттер кездейсоқ ракурста түсірілген. Біз бұл отбасының үйі қандай жағдайда екенін білеміз. Таныстық.

Адамдар, мейірімді болыңыздар және адамды кері тартудан бұрын, оларға көмектесуге тырысыңыздар», – деді кәсіпкер.

«Қасым-ақпарат»


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - © 2017 ҚР Ақпарат және коммуникация министрілігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика