Алматыда жезөкшелер үйін ашқан кореялық азаматқа үкім шықты

2 июня 2017

Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында жезөкшелер ордасын ұйымдастырған кореялық азаматтың ісі қаралды. Сот төрағасы мекеменің қожайыны  Ким Хе Джин мен оның көмекшісі Сәуле Ермекбаеваны қылмысты деп тауып, үкім шығарды, — деп хабарлайды Qasym.kz.

Іс материалдары бойынша, сотталушы Оңтүстік Корея Республикасының 47 жастағы тұрғыны. Ол Қазақстанға кәсіпкерлікпен айналысу мақсатында келген. Алайда елге пайдалы істі бастаудың орнына жеңіл желпен байымақ болыпты. Қала орталығынан зәулім үй жалдап, айналасына сенімді серіктерін жинаған. Мұнда тек шетелдік қонақтарға ғана қызмет көрсетілген. Баға да шетелдік валютамен қойылыпты. 

Сот ҚР ҚК  Ким Хе Джинді  айыпты деп танып, дүние-мүлкін тәркілеу және үш жыл алты ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесу туралы үкім шығарды. Ал оның көмекшісі болған Ермекбаева Сәуле жасаға қылмысы үшін  үш жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарылды. Алайда ол ҚР Қылмыстық кодексінің 63-бабына сәйкес жазасын шартты мерзімде өтейді және толық бақылауда болады. Үкім әлі күшіне енген жоқ.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика