Алматыда жантүршігерлік жол апатынан бір адам қаза тапты

13 Қараша 2017

Алматы қаласындағы Тәттімбет көшесінің бойында жантүршігерлік жол апаты орын алып, бір адам қаза тапты. Жеңіл көлікті тізгіндеген азамат автобусқа соғылған. Бұл туралы СТВ арнасының   «Территория происшествий» бағдарламасында айтылды.

№54 маршрут бойында жүріп келе жатқан автобусқа  Toyota Mark II маркалы жеңіл көлігі қарсы соғылған. Жол көлік апаты салдарынан автобустың төрт жолаушысы жарақат алған. Бір адам қаза тапты.  


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - © 2017 ҚР Ақпарат және коммуникация министрілігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика