Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды

14 Ақпан 2018

Алматы-Қапшағай тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Цемент тасығыш Алматыға қарай кетіп бара жатқан. Неге екені белгісіз жүргізуші тоқтап тұрған жүк көлігіне соғылыпты. Қатты соққыдан цемент тасығыштың күл-талқаны шығып, бөлшектеніп қалды. Жол апаты орнына арнайы кран шақыртылып, көліктің кабинасын бөліп алған.

Цемент тасығышта отырған жолаушы оқиға орнында көз жұмды, ал жүргізуші әртүрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген.

Болған жайттың себебін анықтау үшін оқиға орынында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. 


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018 ҚР Ақпарат және коммуникация министрілігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика